М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі



Pdf көрінісі
бет69/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 
түркілік рухани дәстүр
67 
мәдени болашағын таңдауы жағдайында қалыптасқан шығыс 
перипатетизмі, неоплатонизм, ислам және түркі руханилығы 
иделарының өзара байланысы мен астасуын паш етеді. Персо-
налийлердің ұстанымдарын салыстыра отырып Баласагұнның 
«Құтты білік» поэмасының мәтінін талдау осы дәстүрлердің поэ-
тикалық аллегориясы болып табылатын дүниетанымдық және 
аксиологиялық «қақтығыстарға» шығарады. Айтолды – «Бақыт» 
түркі руханилығын білдіреді; Күнтолды – «Әділеттілік» болса 
«Сенімнің қорғаушысы», мұсылман дәстүршілдігінің өкілі болып 
келеді; Оғдөлмеш – «Зерде» өзінің тұжырымдарын рационалды 
түрде дәйектейді және прагматикалық рационализмді танытады; 
Оғдырмыш – «Көнбістілік» сопылық даналықтың үлгісі болғанын 
байқаймыз. Әртүрлі және өзекті тақырыптарға сұхбат жасай оты-
рып, адамзаттың мәңгі сұрақтарына жауаптарды ашықтай іздей 
отырып бұл рухани практиктер және ұстанымдар қауымдасатын 
және әр қилы болатын тұстарын аңғарады, бірақ олар адамды 
асқақтатуға ұмтылуда және оны адамның шынайы болмысы мен 
тағайындылығына жақындатуда біртұтас бола түседі. 
Адам мен қоғамның құндылықтық бағдарларының әртүрлі мә-
дени-өркениеттік моделдері Баласағұнда мәдениеттер сұхбаты, 
келісім философиясында және рухани-адамгершілік даму мен 
кемелдендіру жолдарын іздеу дәстүрінде байқалады. Олар түркі 
дүниетанымының бірегейлігін және ерекшеліктерін жаңаша ашу-
дың кілтің болатын символдық формасында, оның шығармашылы-
ғын Ясауи шығармашылығына жақын ететін поэтикалық форма-
дағы философия айналысуда көрініс табады. 
Баласағұни шығармашылығы Орталық Азия түркілерінің 
рухани-адамгершілік эволюциясының беттерін қайта жаңғыртатын 
құбылыс болып табылады. Ол «әміршіні оқып-үйрету» немесе «князь 
айнасы» сияқты әдеп әдебиетінің маңызды жанрларының проблема-
тикасына ендеген стилистиканы және белсенді өмірлік позицияны 
дамытады. Олар кең тарады, сұранысқа ие болды және әлеуметтік іс-
әрекеттің моделі және әлеуметтік ұйымдастырудағы репрезантация 
тұрғысынан көріністі еді. 
Оларды әл-Фарабидің әлеуметтік-философиялық трактаттары-
мен, олардың проблематикаларымен салыстыра отырып біз мәтін 
стилистикасы мен оны өрнектеу тәсілі бойынша айырмашылықтар 
бар екенін байқаймыз, бірақ олардың рухани-адамгершілік парадиг-
масы мен әлеуметтік-философиялық проблематика түрғыларынан 
жақын екенін көреміз және олар практикалық өмірдің мәселелерін 
табуға және сол жолмен жүруді қамтамасыз етуге көмектеседі. 


68


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет