М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі



Pdf көрінісі
бет71/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 
түркілік рухани дәстүр
69 
дүниелер, әр қилы ақпараттарды берді және үлкен территорияны 
паш еткен түркінің «әлемдік картасын» ұсынды. 
Ойшылдардың зерденің күші мен адам мүмкіндігіне көз жет-
кізгендігін одан кейініректе өмір сүрген басқа түркілік ойшылдар 
қолдады. Мысалы, атақты ғалым XV ғасырдың білімді адамдары-
ның бірі Ұлықбек [15] шеткі аймақтарға атағы жайылған, телескопқа 
дейінгі кезеңдегі астрономия дамуында жоғары өлшемді әлемдегі 
ірі астрономиялық құрал жасалған самарқандық математикалық 
және астрономиялық мектепті құрды. Самарқандағы ол тұрғызған 
обсерватория, ол құрған «Зижд» және басты қалаларда әйелдерді 
білімге тарту үрдісіндегі медресе үшін көркем ғимарат, оның ғылым 
мен білім берудегі жалынды іс-әрекетіне Бұқарадағы медреседегі 
жазу куә. Олар Орталық Азия халықтарының өткен тарихында 
ғылым мен білім үрдістері қаншалықты бөлінсе, заң шығарушылық 
қызметтің үлкен маңызға ие болғандығын өткенге аса мән бере оты-
рып көрсетеді.
Түркі халықтарының ерекше мәдениетіндегі ғылыми-ағарту-
шылық дәстүрлердің мұрагерлерінен басқа, замандастарымыз да 
діни дәстүрлерді ұстанушыларды да ұмытпайды, өйткені «Құдай 
өлді» дейтін қазіргі мәдениет қоғам мен жеке адамдардың дамуында 
өзінің жағымсыз әлеуетін көрсетті. Осы контексте зерттеушілердің 
назарын түркілердің байырғы діні ретіндегі тәңіршілдікке ғана ау-
дармай, исламның түркі халықтарының рухани өміріндегі орны мен 
маңызына, бұл мәселені зерделеу қазіргі жаһанданып бара жатқан 
әлем жағдайында тарихи жалғасын табуды қажетсініп отыр. Қазіргі 
түркі тілдес халықтар исламмен рухани жіп арқылы байланыс-
қан. Бірақ қазіргі мәдениетте таралған ислам өзгешелеу, оның 
Қазақстанда қалыптасқан «дәстүрлі исламнан» айырмашылығы бар 
және ол өз кезегінде еліміздің ғылыми қауымдастықтығын бірегейлік 
мәселесіне және жаңа өзгерген жағдайларға сәйкес бұрынғы рухани 
дәстүрлердің бейімділік мүмкіндіктеріне назар аударуға шақырады.
Түркі әлемінің ұлы философтарының шығармашылығы арқылы 
ислам философиясының жетістіктері, оның руханилығы ашылып 
көрсетіледі. Қазақ ойшылдарының дүниетанымын, әсіресе Қазақстан 
аймағына исламның таралуынан кейін, жалпы тарихи-мәдени және 
рухани саладан бөлек қарастыруға болмайды. Біздің ойымызша, әл-
Фарабиден Абайға дейінгі қазақ ойшылдарының дүниетанымының 
қалыптасуындағы руханилықтың рөлінің маңыздылығы толықтай 
зерттелмеген. Қазіргі уақыттағы тәуелсіздік кезеңі күрделі мәселені 
шешуді іздестіруге және мәдени және өркениеттік өзіндік болмысын 
қалпына келтіуге жаңа мүмкіндіктер ашты. 


70


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет