М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет79/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Ең алдымен, түркілік руханилықты айтпас бұрын біз түркі тіл-
дес халықтардың рухани мәдениетіне негіз болған бастаулары мен 
даму жолдарының бірлігі қағидаларын ұстануымыз керек. Жеке 
түркі тілдес халықтардың өзіндік философиялық дүниетанымымен 
қатар түркі халықтарының тұтас философиялық мәдениеті құрылды 
және бұл біртұтас рухани мұра барлық Орталық Азия халқына 
тиесілі. Мұндай әмбебаптылық пен ашықтық түркі мәдениетіне 
басқа мәдениеттің философиялық идеяларын (соның ішінде тіпті 
марксистік те) сіңіріп қана қойған жоқ, олардың қалыптасуына 
дүниетанымдық әсер етті. 
Түркілік ойдың, барлық түркілік мәдениеттің маңызды ерек-
шелігінің бірі дәстүршілдік болып табылады. Ол әлеуметтік бол-
мыстың жаңа сапада тұрақты өзгеру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде 
жүрген әмбебап шаруашылық үш тағанның дәстүрлі салтынан 
келіп шыққан. Ал бұл өз кезегінде, дәстүршілдік пен мәдениеттің 
дүниетанымдық негіздерін берді. Біріншіден, бұл ойлаудың та-
биғилығы – адамның табиғатпен және өмірмен бірігуі, сондықтан 
түркі философиясының негіздері мен бастаулары – бұл негізінен 
табиғат философиясы мен өмір философиясы. Екіншіден, әлеуметтік 
кеңістіктегі дәстүршілдік ру-тайпалық қатынастар мен тұлғааралық 
қатынастардың жоғары маңыздылығының тұрақтылығы арқылы 
көрінген, бұл мәнде түркі философиясы әрқашан әлеуметтік-
этикалық, экзестенциалдық философияның сипатына ие болған. 
Үшіншіден, түркілік дүниетаным уақыт түсінігін батыс мәдениетін-
дегі желіліктен өзгеше кезеңдік ретінде ажырата білді. Мұндай 
түсінік түркі филсоофиясын «мәңгілік қайта оралу» философия-
сына айналдырды. Кезеңдік дүниетанымдық уақыттың, әлемді 
философиялық қабылдау дәстүрлілігінің мысалы ретінде, оның 
ішінде Әлішер Науаи да бар көптеген ақындар мен ойшылдар өз 
ұстаздары негізін салған дәстүрге сай философиялық шығармала-
рын жазған «Хамса» әдеби дәстүрі қызмет етеді. 
Сонымен бірге, біз еуропоцентристік және модернистік ойлар-
мен келген «зиянды» дәстүрлілік түсінігінен құтылуымыз керек. Қай 
қоғам болмасын білімі мен тәжірибесін ұрпақтан ұрпаққа дәстүр 
арқылы қалдырады. Мәселені басқаша қоюға болады. Қоғам дәстүр-
сіз болса ол қалай өмір сүреді, қалай дамиды, яғни, өзаратәуелділік, 
дәстүрдің тұтастығы және инновациялар – барлық қоғамның болмыс 
шарттары. Бірлік болмаса мәдени алшақтық болып, ұрпақ жалғасы 
қағидасы бұзылады. 
Түркі философиясын қарастырудың басқа әдіснамалық қағида-
сы түркі мәдениетінің дамуы мен қалыптасуының синкреттілігімен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет