Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
2.2 Түркілік рухани дәстүрлер ерекшеліктері Түркі тайпаларында қиын да әмбебап шаруашылық жүйесі
болған: егіншілік алқап – көшпелі дала – егіншілікпен қоса саты-
лы мал шаруашылығы мақташылық, бағбаншылық және бақша
өсірушілікпен жалғасқан түрлі кәсіптің дамуымен жалғасқан. Тоқы-
ма кәсібі мен жүнді өңдеу адамдарды тек киім тігуден басқа киіз үй
дайындаумен де қанағаттандырды. Салт аттылық, дөңгелекті арба
мен киіз үйді пайдалану байтақ жерді игеруде қамтамасыз етті. Б.э.д.
ІІ–І мыңжылдықта түркілер қола мен темір металлургиясын игерді.
Шаруашылықтың мұндай қиын да әмбебап, толыққанды жүйесі-
нің табиғи салдары экономикалық және әлеуметтік өмірдің, рухани
мәдениеттің орталығы болған қалалардың пайда болуы мен дамуы
болып табылады.
Түркі мәдениетінің саралылығы мәдениеттер сұхбаты мен оның
көрші мәдениеттермен терең байланысынан көрінеді. Егер үнді және
иран мәдениеті мен арийлік арғымәдениетті тарихи түп-тамыры
байланыстырса, Қытай мен Қиыр Шығыс мәдениеті және Жерорта
теңізінің мәдениеті үшін оларды біріктіруші буын, ал тұтас алғанда –
адамзаттың көне мәдениетін қалыптастырудағы шоғырландырушы
түйін болды. Ортаазиялық керуен жолы: Ұлы Жібек жолы, Ат
Жолы (Алтын Жол), Ладак Жолы, Нефрит Жолы, Меридианды Жол
материалдық мәдениетті сауда арқылы ғана өзара байыту емес, идея-
лар мен құндылықтармен алмасуды, адамзаттың біртұтас рухани
мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етті.