М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет74/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
мен оның руханилығының иірімдерінен іздеу керек деген қорытын-
ды жасауға болады. 
Өткен түркі ойшылдарының философиялық көзқарастарын 
объективті тұрғыдан, атеистік нұсқаулардан ада түрде қайта қа-
растыру, олардың көзқарастарының дүниетанымдық негіздегі 
талқылаудың ислам мен тәңіршілдіктің қосылуы болған күрделі 
мәселесін анықтады. Бұндай қайта қарау ислам және түркі фило-
софиясының мәні мен бір-бірінен айырмашылығын анықтауда 
олардың ерекшеленуі мәселесін ушықтырды. Ол өзара рухани-мәде-
ни әсер ету мәселесін келесідей сұрақтар қоя отырып өзектендірді: 
Исламның әсеріне ұшыраған түркілік философия қалай өзгереді 
және онда не сақталады? Исламды қабылдаған кезден бастап түркі-
лік философия тарих аренасынан кетеді, тек қана ислам философия-
сы ғана дамиды деп айта аламыз ба? Әртүрлі мәдениеттер тоғысында, 
философиялық ойлаудың түрлерін анықтайтын шекара қайда?
Ислам философиясын қарастыра отырып, біз оның интен-
циональдық концептісі таухид болып табылады десек, онда түркілік 
философия дегеніміз не нәрсе? Егер ислам мәдениеті – мазмұнын 
ислам философиясы затсыздандыратын Кітап мәдениеті болса, 
онда онымен салыстырғанда адам үшін затсыздану қажет бола-
тын түркілік философия мазмұнының заттануы неде? Тарихи-
мәдени құбылыстар мен үдерістерде түркілік философияны белгілі 
бір философиялық дискурс ретінде ашып көрсететін бастаулар 
қандай? Қазақстандық философияда осындай ақиқатты іздеп табу 
тәсілдері көріне бастағанымен, әлі бұл мәселеге сәйкес орынды жау-
ап табылған жоқ. Дегенмен, ақиқатты іздеудегі кейбір талпыныстар 
көрініс беруде. Осындай әрекеттердің тұңғыш бастамасы ретінде 
Н. Аюповтың, Ә. Нысанбаевтың және Т. Ғабитовтың зерттеулерін 
атауға болады [19].
Араб-мұсылман әлеміндегі тарихи-мәдени мұралар қазақ 
халқының рухани-мәдени құндылықтарының қалыптасуына игі 
ықпал етті. Араб-мұсылман ғалымдары Грекияның, Үндінің, Иран-
ның мәдени және ғылыми мұраларынан мол сусындап қана қой-
май, Вавилион, Финикия және Египет білімдерін қабылдап, олар-
ды басқа түрлерге өзгертіп, жаңғыртты. Арабтар әлемді, әсіресе 
түркі халықтарын ежелгі гректердің, парсылардың, үнділердің 
ашқан ғылыми жаңалықтарымен таныстырды. Бұл дерек Орталық 
Азия аймағында жаңа дүниетанымдық бағдарлардың қалыптасу 
үдерісінде айрықша маңызға ие болды. 
Алғашында, исламның түркі тайпалары аймағында тара-
луы дәуірінде білімділік деп діни сауаттылық, Құран мәтінін білу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет