М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі



Pdf көрінісі
бет73/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 
түркілік рухани дәстүр
71 
бірлесуде болу қабілетінің, болып жатқан нәрселердің барлығын 
бірге сезіне отырып оның жоғарғы құдіретін игерудің өлшемі. 
Міне сондықтан «махабббат» ұғымы Қожа Ахмет Ясауи мен көбі-
несе әдебиетте рационалист ретінде көрініс табатын Әбу Насыр 
әл-Фарабидің көзқарастарын қарама-қарсы қойғандағы аражікті 
ажыратушы болып табылады. Әл-Фараби рационализмі «немесе-
немесе» ұстынымен ойланатын құрғақ пайымдаушылық деп мой-
ындала отырып бірақ оның сопының қарапайым өмірін сүргені де 
қоса айтылады. 
Әл-Фараби философиясына махаббат ұғымы жат болған емес, 
ал зерде тұжырымдамасы Алғашқы Бастамашыға сүйене отырып, 
Жоғарғы дүние болып табылатын Өмір, Махаббат, Жақсылықты 
нұрландыратын орталықтан бастау алады. Әл-Фараби өзінің «Қа-
йырымды қала» туралы жобасында бұл қаланың адамның шынайы 
болмысын білмейтін надан қалалардан айырмашылығы «қаланың 
бөліктері мен оның тарамшалары өзара махаббат арқылы біріккен 
және байланысқан; олар әділеттілік және содан туындайтын іс-
қимылдар арқылы ынтымақтасады және сақталады» [18, 222 б.].
Бірақ әл-Фараби өмірі тек психологиялық ғана емес, сонымен 
қатар әлеуметтік, мәдени-тарихи қырлармен анықталатын әлеуметке 
көбірек назар аударады және ондағы ізгілікті өмірге әкелетін 
әлеуметтік қатынастарды түсіну үшін психологиялық жағдайға емес 
басқа логикаға сүйену қажет екендігі тұжырымдалады. Ясауи өзіндік 
санасының жеке тәжірибесіне, интуициялық таным мен елестетуге 
негзделген әлемді аңдауына, мәңгілікті тікелей тану мүмкіндігіне 
көбірек назар аударады. 
Ясауидің діни тұжырымдамасының негізінде мейірімділіктің, 
әділеттіліктің, адамшылықтың жалпыадамзаттық қағидаттары 
жатыр, сондықтан да оның сопылық идеялары түркілік ортада 
түсіністікке ие болып, қолдау тапты. Оның ізбасары Сүлеймен 
Бақырғани өзінен кейін қазіргі ғылым мен мәдениетте әзірге толық-
тай емес зерделенген мұра қалдырды. Өзінің түркі тілінде жазылған
«Хақім ата» және «Ақыр заман» атты еңбектерінде ол Ясауи, ұлы 
Арыстан бап сияқты адамның құдайдың құдіретімен келісімде өмір 
сүруге, адамгершілік заңдарын сақтауға, кемелденуге шақыратын 
ислам монотеизмінің мәнін ашады және жер бетіндегі тіршіліктің 
кәдеуілділігін пайымдап, мәңгілікке қарай ұмтылады.
Халық сенімінің және сопылықтың трансофмациясы, дәстүрлі 
түркі мәдениеті мен ислам мәдениетінің синтезі ретіндегі Қазақстан 
территориясында қалыптасқан және нақты-тарихи жағдайларда 
дамыған ислам руханилығы оны түсіну кодының кілті түркі мәдениеті 


72


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет