М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі



Pdf көрінісі
бет75/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 
түркілік рухани дәстүр
73 
түсінілді. Әрі қарай, исламды таратушылар қазақ жерінде де 
өзінің рухани жұмыстарын кеңінен жүргізді. Қазақтардың этно-
мәдени қауымдастығы исламды қабылдаумен бірге, рухани өмір-
дің жаңа мұраттарын бекітуде базалық рухани-адамгершіліктік 
құндылықтарға сүйене отырып өзінің мүмкіндіктерін кеңейтті. 
Келтірілген мысалдар, ал оларды көптеп келтіруге болады, түркі-
лік ортадан шыққандардың өз заманының ғылыми, философиялық 
және рухани ойларының жетістіктерін шығармашылықтарында 
қорытып, жалпыадамзат дамуының, әлемдік мәдениеттің, ғылыми, 
философиялық, көркем шығармашылықтың озық жетістіктерін 
насихаттаушыларға айналғандығын көрсетеді. 
Бұл ойшылдардың шығармашылығының қазіргі кезең үшін 
біріктірушілік маңызын неден көреміз? Алдымен, олар өз заманы-
ның гуманистік ұмтылыстарын жалпыадамзаттық мазмұнын көрсе-
те отырып сипаттайды. Екіншіден, өздерінің ғылыми ізденістерінде 
ғасыр өткен соң да адамзаттың заңды мақтанышына айналған адам 
зердесінің күшін, оның танымға бейімділігінің сарқылмайтындығын 
көрсетті. Үшіншіден, олардың шығармашылығы тек Орталық Азия 
халықтарының ғана емес, бүкіл адазат мәдениетінің жетістігіне ай-
налды. Олар халықтар мен өркениеттердің, олардың өткені мен 
қазіргі жалпымәдени сұхбатының толыққанды қатысушылары бо-
лып табылады. Сондықтан да бұл шығармашылық қазіргі кезеңнің 
болашаққа қарай жылжуына қажет болатын рухани-адамгершілік 
тірек болуы мүмкін.
Түркі әлемінің ұлы ойшылдарының көзқарастары қазіргі кезең-
де қазақстандық философиялық дискурсқа, компаративистикалық 
зерттеулер контексіне, заманауи философиялық антропологияға, 
аксиологияға, этикаға және эстетикаға енгізілуде. Бұлар олардың 
ізгілікті идеяларына жаңа үн беріп, адамзаттың мәңгілік құн-
дылықтарын өзектендіріп және оларды қазіргі тәрбие мен білім бе-
руде жүзеге асыруға бағыттайды. Осындай және басқа мәселелерді 
шешу қазақстандық зерттеулерді мәдениетаралық байланыстың, 
бәрінен бұрын түркі тілдес ғалымдардың халықаралық ғылыми 
ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтереді.
Көптеген сұрақтар мен мәселелер халықаралық кооперация 
мен ынтымақтастық аясында түркілік рухани дәстүрді зерттеудің 
болашақ бағыттары болып отыр. Бұл – «түркілік руханилық және 
философия» атты гуманитарлық жобаны дүниетанымдық, құн-
дылықтық, танымдық, көркем-эстетикалық қырларымен бірлікте 
жүзеге асыруға қабілетті әдіснамалық құралдарды іздеу бо-
лып табылады. Бұл – оның әлемдік философиядағы және қазіргі 


74


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет