М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі



Pdf көрінісі
бет82/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 
түркілік рухани дәстүр
79 
Түркі тілдес халықтардың философиялық ойының ерекше қа-
лыптасуының басқа факторы діни синкретизм мен дүниетанымдық 
бағдардағы діни басымдылық болды. Орталық Азия жағрафиялық 
детерминизм салдарынан әлемнің барлық негізгі діни идеяларының 
түйісу орталығы болды. Егер түркілердің дінін алдымен табиғат діні 
деп сипаттасақ, кейін түркілік қоғамдық құрылыстың дамуымен, 
оның тәңіршілдікке өтуіне байланысты – монотеистік сипаттағы дін, 
яғни біліктік уақыттан орталық азиялық ааймақта діни идеялардың 
өзара енуі басталады. Ең алдымен, тәңіршілдік зороастризм идеясы-
мен тығыз байланысады, кейін дәл осы аймақта буддизм этикалық 
ілімнен орталықазиялық діни пайымдардың әсерінен өзіндік 
канондық мәтіндері мен түрлі діни-философиялық бұтақтары бар 
дінге айналады.
Түркі халықтарының діни дүниетанымының дәстүрлілігі, оның 
жоғары синкреттілігі исламның ерекше түркілік сипат алуына алып 
келді. Ең алдымен бұл аумақта тұрғылықты халықтардың салт-
дәстүріне қалыпты көзқарастағы ханафит мазхабындағы сүнниттік 
ислам кең тарады. Исламды таратуда ерекше орын алған сопы-
лық ағым –тарикаттар болды. Сондықтан көптеген зерттеушілер 
ортаазиялық, түркілік ислам – халықтың салт-дәстүрі сақталған, 
сопылық басым болған исламның діни дәстүрін қатаң сақтауды та-
лап етпейтін ислам туралы айтады. Ислам белгілі бір дәрежеде 
түркітілдес халықтардың діни пайымдарын барлық алдыңғы және 
қайшылықты монотеизмге жинақтады. 
Түркілік философиялық ойының келесі ерекшелігі еуропалық 
түсініктегі философиялық әдебиеттердің болмауы. Философия 
эпикалық дастандарға, көркем прозаға, даналық кітаптары мен 
ғибратты аңыздарға, поэзия мен фольклорға бөлінген. Түркі 
халықтары дүниетанымының ерекшелігі – табиғатқа деген сенім мен 
табиғатқа бағыну болып табылады. Табиғатқа дәстүрлі махаббат пен 
құрмет рухани білім, экологиялық сана болды. Мұндай дүниета-
нымға адамды табиғаттың қожасы ретінде анықтайтын, өзгеру, 
табиғатты қорламайтын философия тән. Оған табиғатты универсум 
ретінде, барлық тіршіліктің қайнар көзі ретінде түсіну тән. 
Түркілердің табиғатты құрметтеуде ерекше орынды – киелі 
аспан ретінде түсінілетін Аспан – Көк алды. Аспанға табыну өте 
қиын және көп қырлы сипатқа ие. Онда Күнге табыну – Күн Тәңірі, 
Айға – Ай тәңірі, Жұлдыздарға – Жұлдыз Тәңірі бар. Ең күрделісі 
Аспанды Әке ретінде түсіну. Көне түркілердің космогониясында 
алғашқы хаостан Аспан мен Жер, олардың арасынан Адам шыққан. 
Бұл туралы Күлтегінге арналған Үлкен жазуда былай делінген: 


80


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет