М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет68/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
әл-Бирунидің болжаулық гипотезасына әсер етті. Әл-Бирунидің 
шығармашылығын қазіргі зерттеушілер ортағасырлық ғылым-
дағы эксперименттік әдісін жасаушылардың бірі деп есептеуге 
толықтай болады деп атап өтеді [12, 22 б.]. Натурфилософиялық 
дәлелдерге сүйене отырып Әл-Бируни Аристотельдің физикасында 
бекітілгендей, аспан аймағы шар емес, эллипсоид, аспан денелерінің 
эллипсоидтық траекториямен қозғалады дегенге саятын болжауды 
ұсынды. Бұл ереженің нақты мағынасы, ғалымдардың пайымдау-
ларына сәйкес, бірнеше ғасыр өткен соң Кеплердің зерттеулерінің 
арқасында толық түсінілді.
Қазірде ашылып отырған жоғарыдағы ойшылдардың гума-
нистік идеяларының рухани жақындығы мен өзара байланы-
сы, бұл идеялардың нәзік және көзге көрінбейтін жіптермен 
ойдың бірегей рухани кеңістігінде біріге отырып, ішіне түркілік 
мәденеиет те қатысып, олардың әрқайсысын зияткерлік шығар-
машылыққа қатыстырушы етеді, өйткені олардың барлығы өз 
мәдениеті мен тарихының рухани мазмұнын тасушылар. Олар-
дың көзқарастарындағы өзгешеліктерге қарамастан, олардың 
энциклопедиялық мұраларындағы негізгі іргелі қағидалар 
адамзатың жетілуге ұмтылысында, ақиқатқа жетуінде, рухани 
бірлік пен бақытқа қол жеткізуде барлығының пікірлес екендігін 
көрсетеді. Олардың көзқарастары түркі халықтары және олардың 
өкілдері Шығыс пен Батыста бірдей саналатын жалпыадамзаттық 
құндылықтардың мазмұнын құрайтын зерденің, ағартушылық-
тың, гуманизмнің идеалдарын жоғары бағалағандықтарының мы-
салы бола алады.
Жүсіп Баласағұнидың шығармашылығы жалпыадамзаттық иде-
алдардың, мейірімділік, әділеттілік, ақыл-ойдың дамуына өз үлесін 
қосты. Ол ортағасырлық ислам философиясындағы ойтолғаулар-
дың едәуір бөлігінен орын алатын бақыт тақырыбын дамытуды 
жалғастырады. Ол көптеген ортағасыр Шығысы ойшылдарының 
солардың қатарында, шығыс перипатетиктері – әл-Фарабидің, Ибн 
Синаның, Ибн Руштың философиялық шығармаларында орын ала-
ды. Ж. Баласағұнидің «Құтадғу білігінің» («Құтты білімі») мазмұны 
оның шығыс перпатетиктерінің философиялық-адамгершіліктік 
ізденістері дәстүрінде жазылғандығын көрсетеді. Бақыт деген не, 
адам бақытты бола ала ма, адамның жетілуі неде, жетілген адам 
қанадай болуы керек және әділетті қоғам және т. б. сұрақтарға жа-
уап іздейді. 
Жүсіп Баласағұн философиясы әл-Фараби философия-
сы сияқты өзгерістер дәуірінде және түркі қоғамы дамуының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет