М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет60/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
жақын келген, соның алдында тұрып өзінше қызмет атқарған
шындықты рухани-практикалық және теориялық игерудің түрлері 
болатын. Мұнда әлі категориялық аппараттар түпкілікті орнығып 
дамымаған, ұғымдық анықтаулар әлі бұлдыр болуымен, жоғалып 
кету мүмкіншілігімен ерекшеленген, онда көбінесе мәселелік-
мазмұндық тәсіл баяндаулармен, үстірт-сипаттаулармен ауысты-
рылады.
Түркілік мәдениетті, тарихты, философияны зерттеудегі әдіс-
намалық және дүниетанымдық жағынан орны толмас олқылық-
тарды еуроорталықтық бағыттағы рухани мәдениеттің ең жоғары 
үлгілері, оның квинтэссенциясы болып табылатын философия 
«өркениетті» халықтар деп аталатындардың шығармашылық 
іс-әрекетінің нәтижесі деген ұсыныстарға сәйкес болды. Бұл дү-
ниетанымдық-идеологиялық бағыт тұжырымды түрде Гегельдің 
«Философия тарихының лекцияларында» және «Тарих философи-
ясында» айтылғаны белгілі. Оның нақыл сөздерін еске алар болсақ: 
«Философия нақты мағынасында Батыстан бастау алады», «....біз Ба-
тыста нағыз шынайы философияның ортасындамыз», «осылайша, 
Шығыстық ойларды философиядан шығарып тастау керек...», «... бұл 
жерде философиялық танымға орын жоқ» және т. б. айтылғандар 
[12, 146, 147 бб.]
Философия құбылысына және оның тарихына осындай ба-
ғалаулар бұдан екі ғасыр бұрын берілгеніне қарамастан, ол белгілі 
бір шекараларда өзінің бағытын жоймай әлі де өмір сүруде. Ғылыми 
қауымдастықты ол туралы сөз етуге қазіргі геосаяси шындық қана 
емес, жаңа тарихи жағдайларда ойлау мен көзқарастар үшін күрес 
жалғасып отырған әлемге батыстық көзқарасты білдіретін, бірақ 
«философия дегеніміз не, оның тағайындылығы мен мәні неде?» де-
ген өзінің өзектілігін жоғалтпаған сұхбаттасу мәжбүрлеп отыр.
Осындай күрделі мәселелер, философияның ұлттық бейнесін 
жоққа шығаратындарға және кім оларды мойындайды деген 
тұрғыдан философтардың көзқарастары жіктелді. Сонымен қатар, 
философияның шығу тегі туралы мәселеде жіктеледі. Біреулер, 
философия – белгілі жағдайларға байланысты ежелгі Грекияда
Үндістанда, Қытайда пайда болып, содан кейін басқа аймақтар мен 
мәдени әлемдерге тарихи таралған ғажайып құбылыс деп пайым-
даулар жасайды. Басқалары, «философия әрбір мәдениетке тән 
және әрбір халықтың дамуында орын алады» деп тұжырымдай-
ды. Осы мәселелермен қабаттасқан басқа да алауыздықтар аз емес. 
Сөйтіп, қазіргі гносеологиялық жағдай философияны осылай-
ша түсінуді мойындай отырып, оның келесідей «африкандық», 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет