14
Көне гректер идеалында-«тамаша және мейірімді адамды»
тәрбиелеу болды. Бұл–атлетикамен тәрбиеленетін дене ырғағы
мен музыкаға тәуелді жан ырғағы секілді екі ырғақтың
үйлесімділігі болып саналды.
Көне Рим ғалымы Квинтилиан өзінің «Шешендерге нақыл-
сөз» атты еңбегінде Тамаген, Вергилий, Ионас, Архит, Эвен
секілді ғалымдарға сүйеніп, музыканы «көне замандарда тек оқып
қана қойған жоқ, ол жақсылық белгісі болды, ондағы
артықшылық пайғамбар мен данаға ғана тән» деп жазды.
Сонымен,
Антика
дәуірінде
музыкалық-эстетикалық
тәрбиенің әлемдік тәжірибесінің маңызды дәстүрі туындады. Осы
дәуір ғалымдары музыка өнерінің адам жанына сиқырлы әсер ету
күшін, өнердің адам бойында жақсылыққа деген құштарлығын
оята алатын қасиетін бағалап, музыка өнерін тәрбиенің пәні
ретінде қажеттілігін атады.
Достарыңызбен бөлісу: