20
1980-1990 жылдардағы музыкалық тәрбие мәселелері
музыкалық педагогикасының теоретиктері мен практиктерінің
еңбектерінде
көрініс
тапты:
Э.Б.Абдуллин,
Ю.Б.Алиев,
Л.Г.Арчажникова, Т.И.Бакланова, Л.А.Безбородова, Е.А.Бодина,
О.П.Радынова, Г.М.Цыпина, Г.П.Стулова.
1990 жылдары Ресейде Ю.Б.Алиевтің басқаруымен авторлық
ұжым құрастырған музыка бағдарламасымен мектепте музыка
сабағы өткізілді.
Ресей музыкалық тәрбие беру ісінің негізгі сипаты оның
әлеуметті-мәдени тұрғыдан көрінуі, адамға бағытталғандығы,
әдістемелік жұмыстардың авторлық сипатта болуы.
Қазіргі күнде балалардың музыкалық мәдениеті энтузиаст-
педагогтардың, хор жетекшілерінің, музыка пәні мұғалімдерінің
білім беру мекемелеріндегі еңбегі нәтижесінде алға басуда.
Достарыңызбен бөлісу: