19
Пионерлер үйлері, Мәдениет сарайларында балалар секторы
жұмыс істей бастады, балалар көркемөнер ұжымдары құрылды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) музыка мектепте
бастауыш сыныптар жоспарында ғана (1-ІУ) белгіленіп, сабақты
бастауыш сынып мұғаліміне (маманға емес) жүктелді.
Музыкалық психология, музыкалық тәрбиенің теориясы мен
әдістемесі бойынша Б.М.Теплов, В.Н.Шацкая, Н.Л.Гродзенская
еңбектері елеулі болды.
1965 жылы «Музыка» деп аталған мектеп бағдарламасы
жарыққа шықты. Бірақ жаңа атпен шыққан бағдарламаның
мазмұны өзгеріссіз қалды. 1967 жылы тағы бір «Музыка»
бағдарламасы шықты. Бұл бағдарлама мазмұны 1965 жылғы
бағдарлама мазмұнына ұқсас, тек жаңа тақылыптар енгізілген.
1970-1980 жылдардағы білім беру процесі музыкалық
тәрбие мен білім беру ісін қайта қарастыруды талап етті. Оның
себептері: Кеңес Одағындағы республикаларда музыкалық тәрбие
әр түрлі ұстаныммен жүзеге асты, ауылдық мектептерді музыка
пәні мұғалімімен қамтуда және жалпы білім беретін мектептерде
балаларды алты жастан бастап оқытуға көшудің қиындықтары
болды. Сондықтан музыкалық тәрбиеге арналған жаңа
бағдарламалар, жаңа оқу құралдары шыға бастады. Балаларға
музыкалық тәрбие беру ісі негізінен мектептен тыс мекемелерде
жақсы жүргізілді.
Сондықтан, 1980 жылдары
Д.Б.Кабалевский «Музыка»
бағдарламасын
құрастырып, өзі іс тәжірибесінде көрсетіп берді
(теледидар арқылы өзі жүргізген «Музыка» сабағы көрсетілді).
Бұл бағдарлама Одақ республикаларында өзіндік ұлттық
ерекшелік ескеріле пайдаланылды.
Достарыңызбен бөлісу: