18
Ресейдің музыка мәдениетінде ХУШ ғасырға дейінгі кезеңде
хормен ән айту басты болды.
Шіркеу және монастырь
жанындағы мектептерде хормен ән айтуға үйрету ісі жүргізілді.
Шіркеулік ән айту мектептегі жалпы білім беру
бағдарламасына 1864 жылы шыққан «Бастауыш
халықтық
училищелер ережесіне» сәйкес енді.
Л.Н.Толстой барлық бастауыш мектептерде сурет және
музыка-ән айту сабақтарын ұйымдастыру
қажеттігіне сенімді
болды. К.Д.Ушинский адамгершілік тәрбиенің мақсаты – ізгілік
пен патриоттық сезімді тәрбиелеу. Құралдары: оқыту,
тарихи
мағлұмат беру, үлгі, жеке тәжірибе, мақтау, жазалау, дәстүр,
фольклор, салт деп санады.
ХІХ
ғасырдың аяғында
Д.Н.Заина мен А.Л.Маслова
сынды
педагогтар барлық балаларға музыкалық тәрбие беру қажеттігін
негіздеді. Осы кезеңде ашылған
музыкалық тәрбие беру
ұйымдарының жұмысы да айтарлықтай болды: Пермь қаласында
А.Д.Городцов «
ән айту курстарын
» ашты, 1906
жылы Мәскеу
халық консерваториясы ашылды. 1911 жылы С.Т. және
В.Н.Щацкийлер ашқан колонияда балаларға музыкалық тәрбие
беру тәжірибесі іске асты. 1906-1916 жылдар аралығында Мәскеу
халық консерваториясына
музыкалық даярлықты өтпеген
тыңдармандардың көп болуына байланысты жаңа пән «Музыка
тыңдау» курсы енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: