«Бастауыш мектепте «Музыканы» оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет12/85
Дата08.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#117960
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85
Байланысты:
мухика лекциа

3.
 
 ХІУ-ХІХ ғасырдағы музыкалық тәрбие тәжірибесі 
Қайта өрлеу дәуірінде
(ХІУ-ХУІ ғғ.) тұлғаның жан-жақты 
дамуы мәселесіне көңіл бөлінді. Халықты жаппай музыкаға баулу 
ісі шіркеулік ән айту, ұлттық мерекелер, карнавалдар арқылы 
жүзеге асты. Бұл ғасырда тәрбиедегі негізгі ұстаным өнер мен 
эстетикалық тәрбие арқылы адамды еркін қоғамдық, саяси және 
адамгершілікті өмір деңгейіне көтеру деген сипатта болды. Өнер 
сезімдік қабылдаудың әмбебап түрлерін дамытады, еркін 
дербестілікті тәрбиелейді деп санаған ағартушылар адамның 
эстетикалық даму мүмкіндігіне сенді.
Ағартушылық 
дәуірдің 
қалыптасуына 
негіз 
салған 
А.Шефстбери (1601-1713) пікірінше мейірімділік мәні 
сұлулықта, адам өз тағдырын жасаушы, ал өнер зорлықсыз 
жүргізілетін тәрбие құралы.
Францияда Ағартушылық дәуірде эстетикалық тәрбие 
тарихи прогресс негізі, оның міндеті үйлесімді дамыған қоғам 
құру деп саналды. Эстетикалық тәрбие мәселелері Шарль 
Монтескье, Ж.Ж.Руссо мен Клод Гельвеций, Д.Дидро мен 
Ф.Фурье еңбектерінде кеңінен қаралды. 
ХІХ ғасырға балаларды жоғары кәсіби ән айту мәдениетіне 
баулу тән болды. Консерватория, музыка академиялары, жоғары 
музыкалық мектептер, колледждер өз білім беру әрекетін 
жүргізді, бұл оқу орындарында балалар үлкендермен бірге білім 
алды. 
Педагогика саласында қалыптасып жатқан жаңа ілімдер 
музыкалық тәрбие саласында жаңа жүйелердің пайда болуына 
себеп болды.
Негізгі әдебиеттер: 
[1-3] 
Қосымша әдебиеттер:
 [29, 30, 30, 33] 
 


16 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет