«Бастауыш мектепте «Музыканы» оқыту әдістемесі»


 Музыкалық оқыту мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері



Pdf көрінісі
бет24/85
Дата08.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#117960
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85
Байланысты:
мухика лекциа

2. Музыкалық оқыту мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері
Бүгiнгi таңда жоғарғы оқу орынына қойылатын негiзгi талап 
- бастауыш сынып мұғалімдерінің «Саз өнері» пәнінен сабақ бере 
алатын маман иесі ретінде қалыптастыру, музыкалық 
педагогиканың озық үлгiлерiн жалғастырып, әрi қарай дамыта 
алатын кәсiби дәрежесi жоғары педагог-музыкантты даярлау. 
Пәнді оқыту мақсаты. 
«Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбие теориясы мен 
технологиясы” пәнiнiң басты мақсаты – студенттердің бойында 
музыкалық-педагогикалық мәдениеттің негізін қалыптастыру 
және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыларға 
музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау. 
Пәнді оқыту міндеттері: 
- болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің музыкаға және 
мектептегі музыкалы-педагогикалық жұмысына сүйіспеншілігін 
қалыптастыру; 


25 
- болашақ мамандарға музыканың мәні мен ерекшеліктерін, 
оның қоғамдағы әлеуметтік орнын ашып көрсету, олардың 
бойында музыка өнері туралы білім жүйесін, музыканы дұрыс 
қабылдау дағдыларын, музыкадағы өмір мазмұнын білу 
қабілеттерін қалыптастыру жолдарын үйрету; 
- Мемлекеттік стандартқа сәйкесті бағдарламаның мазмұны 
мен өткізілетін жұмыстың негізгі қағидалары мен әдістерін толық 
игерту ; 
- студентті мектеп репертуарын талдап, нотамен тартуға 
үйрету; 
- сыныптан тыс музыкалық жиындарды өткізудегі өз бетінше 
жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. 
3. 
Музыкалық оқыту мен тәрбиенің негізгі қағидалары
Музыканы оқыту принциптері дидактиканың категориясы 
ретінде музыканы оқытуды музыкалық таным логикасына сәйкес 
жүзеге асыруға көмектеседі. Олар музыканы оқытудың мақсаты, 
міндеттері, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формаларының 
негізін құрайтын бастапқы қағидалар ретінде түсіндіріледі. 
Музыканы оқытуда бүгінгі күнде қалыптасқан принциптер бір-
бірімен өзара байланыста қарастырылады.
Музыканы оқытуда тәрбиелеуді, білім берудің, дамытудың 
бірлігі принципі. 
Ғылымилық принципі музыканы оқыту жүйесін құру 
логикасының негізін құрайды. 
Музыкамен 
өмірдің 
байланысы 
принципінің 
басты 
ерекшелігі оқушыларды музыка өнерінің адам өміріндегі, оның 
практикалық іс-әрекетіндегі маңызын санамен ұғынуыға және 
меңгерген музыкалық білімдерін практикалық сипаттағы, өмірдің 
өзінен туындайтын міндеттерді шешуде қолдана білуге үйрету 
болып табылады. 
Елістетушілік принципі. 
Көрнекілік принципі – оқытудың оқушылар қабылдаған 
нақты бейнеге негізделуін талап ететін дидактикалық ұстаным. 
Бірізділік принципі – музыкалық білім беру бойынша 
теориялық 
және 
практикалық 
мәселелердің 
бірізділікте 
белгіленуін талап етеді. 


26 
Жүйелілік принципі – музыкалық білім беруді және 
музыкалық білімдерді меңгертуді белгілі бір ретпен, жүйелі түрде 
жүзеге асыруды көздейді. 
Музыканы оқыту барысында жеке тұлғаны тәрбиелеу, 
музыканы оқыту, жалпы даму міндеттерін оңтайлы жүзеге 
асырудың маңызды шарттарының бірі музыкалық білім беруде 
ізгіліктіліқ эстетикалық адамгершілік бағыттылығы принципінің 
қатаң сақталуы болып табылады. 
Негізгі әдебиеттер: 
[7, 9] 
Қосымша әдебиеттер:
 [19, 21-23, 26, 30] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет