«Бастауыш мектепте «Музыканы» оқыту әдістемесі»


Музыка сабағы – музыкалық білім беруді



Pdf көрінісі
бет28/85
Дата08.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#117960
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85
Байланысты:
мухика лекциа

1. Музыка сабағы – музыкалық білім беруді
ұйымдастырудың негізгі формасы және оның өнер пәні 
ретіндегі ерекшеліктері 
Музыка сабағы – музыкалық білім беру процесін 
ұйымдастырудың негізгі формасы. Оның мақсаттары мен 
міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері музыка сабағының типтері 
мен құрылымын анықтауға арқау болады. Басқа да оқу пәндері 
сияқты музыка сабақтары мұғалімнің жоғары музыкалық-
педагогикалык 
даярлығын, 
оқушылардың 
педагогикалық-
психологиялық ерекшеліктерін білуді, музыка сабақтарын 
ұйымдастырудың бұған дейін белгілі болған амал-жолдарын біліп 
қана қоймай, оның жаңа үлгілерін іздестіруді, сөйтіп музыка 
сабақтарын оқыту тәжірибесін үнемі байытып отыруын талап 
етеді. 
Музыка пәні мұгалімінің сабақтарды өткізуге даярлығы 
басты екі кезеңнен, яки оқу пәнін жүргізудегі жалпы және әрбір 
жеке сабақты өткізуге даярлығынан құралады. 
Музыка сабақтарын жүргізу үшін типтік бағдарлама 
негізінде 
құрылған 
күнтізбелік-тақырыптық 
жоспарда 
бірізділікпен жоспарланған тақырыптардың білімділік, тәрбиелік 
мақсаттары, қысқаша мазмұны, сабақтың түрі, әдістері, 
қолданылатын 
көрнекіліктері, 
оқушылардың 
өз 
бетімен 
орындайтын жұмыстары, білім жетістіктерін бақылау және 
тексеру формасы, әр тақырыптың өтілетін мерзімі көрініс табады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет