«Бастауыш мектепте «Музыканы» оқыту әдістемесі»


Тақырып №9: Музыкалық тәрбие мен білім беру әдістері



Pdf көрінісі
бет31/85
Дата08.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#117960
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   85
Байланысты:
мухика лекциа

 
Тақырып №9: Музыкалық тәрбие мен білім беру әдістері 
1. Оқыту әдістерінің жіктемесі. 


30 
2. Музыкалық тәрбие теориясында
 
қалыптасқан жаңа 
әдістер. 
3. Педагогикалық зерттеу әдістері 
1. Оқыту әдістерінің жіктемесі. 
«Әдіс» 
термині гректің «metodos», яғни ақиқатқа, күтілетін 
нәтижеге қол жеткізудің жолы, амалы деген ұғымды білдіреді. 
Педагогикалық әдебиеттерде әдіс ұғымына берілген көптеген 
анықтамаларды кездестіруге болады. Жалпы алғанда оқыту 
әдістері білім берудің мақсаттары мен міндеттерін шешуге 
бағытталған жолдар және амалдар жиынтығы болып табылады. 
Оқыту әдістері келесі үш белгімен сипатталады. Олар: оқыту 
мақсаты, меңгерту амалы және оқыту субъектілерінің өзара 
әрекеттесу сипаты. Демек, оқыту әдістері төмендегілерді 
қамтиды: 
- мұғалімнің оқыту жұмысының және оқушылардың оқу 
жұмыстарының өзара байланысты амалдары; 

олардың оқытудың түрлі мақсаттарына жетудегі 
жұмыстарының ерекшеліктері. 
Оқыту процесінің мәні және оқыту мақсаттарының көп 
аспектілігі «оқыту әдістері» ұғымын түсіндіруде сан түрлі 
трактовкалардың қалыптасуына ықпалын тигізеді: 
- «...білім мазмұнын меңгертуді қамтамасыз ететін мұғалім 
мен оқушының өзара байланыстағы бірізді әрекет ету жүйесі» 
(Педагогикалық энциклопедаиялық сөздік); 
- «... білім мазмұнын меңгертуге тұрақты түрде жүргізілетін, 
яки мақсатқа қол жеткізетін оқушының танымдық және 
практикалық іс-әрекетін ұйымдастырудағы мұғалімнің бірізді 
әрекеті» (И.Я. Лернер); 
- «...мұғалімнің оқушының танымдық әрекетіне жетекшілік 
ету амалы» (Т.А.Ильина); 

«...мұғалімнің зерттелетін материалды меңгертуге 
бағытталған, түрлі дидактикалық тапсырмаларды шешу бойынша 
оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқыту 
жұмысының амалы» (И.Ф. Харламов); 
- «... білім мазмұнының белгілі бір бөлігін жеткізуге 
бағытталған және нормативтік жоспарда көрініс тапқан, оқу 


31 
жұмысының 
нақты 
формаларында 
жүзеге 
асырылуы 
мақсатындағы оқыту мен іс-әрекеті үлгісі» (В.В. Краевский); 
- «... оқу процесінің жетекші міндеттеріне, мақсаттарына сай 
пәннің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары» (Э.Б. 
Абуллин).
 
Оқыту әдістерін жүйелеудің кең тараған түрі – оларды білім 
көздері бойынша топтастыру. Олар: 
- сөздік әдістер (білім көзі – ауызша және жазбаша сөздер);
- көрнекілік әдістер (білім көздері – айналадағы заттар, 
құбылыстар, көрнекілік құралдар); 
- практикалық әдістер (оқушылардың білім алуы, іскерлікке 
төселуі, практикалық әрекеттер орындауы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет