36
тырысарлықтай нәрлі болуы керек.
Мәселен, музыка сабағының барысында дидактикалыќ
ойындарды пайдалану бағдарламада аныќталған білім, білік,
және дағдыларды ќалыптастыру, тиянаќтау, бекіту немесе тексеру
әрекетін орындауңа септігін тигізеді.
3. Блум таксономиясын қолданып музыка сабағын өткізу
жолдары
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім
беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сыни тұрғыдан
ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен
қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады (1-сурет).
1-сурет. Блум таксономиясы
Бұл жұмыстың мақсаты үш бағыт бойынша: танымдық,
эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту
мақсаттарының тізімін жасау болатын. Блум таксономиясының
мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында
өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей
шоғырландыру үшін педагогтерді ынталандыру.
Негізгі әдебиеттер:
[7, 9]
Қосымша әдебиеттер:
[15, 16, 24, 27, 28, 44-51]
Достарыңызбен бөлісу: