2. Сын тұрғысынан ойлау және ойын технологиясын музыка сабағында қолдану тәсілдері. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының
мақсаты барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып
оқушыларының кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан
қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім
қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. «Сорос-Қазақстан қоры»
арқылы келген бұл технология қазақ тілдерінде мектепке ене
бастады.
Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына
сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты
өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың
пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің
қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан
күрделіге» деп аталады.