.
2.
Оқу бағдарламасының мазмұнын меңгертудегі музыка
пәнінің өзіндік ерекшелігі
Музыка пәнінен өтетін сабақ өнер сабағы болып табылады.
Сабаққа тән қасиет-ойлаудың эмоциялы-бейнелі формасы тән,
көркем бейне түрде тану, оқушының шығармашылық әрекеті,
тану пәні – шындыққа эстеткиалық қарым-қатынас, меңгеру жолы
– музыкалық шығарманың мазмұнын түйсініп, әсерлену
(қобалжу) , оны өздігінен түрлендіру. Бұл жағынан алғанда
музыка сабағы бейнелеу сабағына, еңбек және әдеибет
сабақтарына ұқсас. Бұл пәндердегі ортақтық – оқушылардың
көркем даму мақсатын орындау болып табылады. Бұл көркем
мәдениетті қалыптастыру, өнер туындыларын қабылдау қабілетін
дамыту, ой-қиялын, өмірге шығармашылықпен қарау, көркем
ойлау қабілетін дамыту, көркемшығармашылыққа және өнерді
қабылдауда біплескен шығармашылыққа баулу, шығарма
авторларының танымы арқылы өмір мен өнерге қарым-қатынасын
қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |