«Соңғы сөзді мен айтайын» Жүзеге асыру қадамдары: 1-қадам: Мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге
лайықты бір немесе бірнеше дәйексөз табады.
2-қадам: Оқушылар дәйексөзді кеспеқағазға жазып, қай беттен,
қайдан алғанын белгілеп қояды.
3-қадам: Кеспеқағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз
түсінігін жазады. Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай
өзгертем десе де өз еріктері.
4-қадам: Мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін
шақырады.
5-қадам: Ол оқып болған соң, мұғалім басқа оқушылардан осы
дәйексөзге өз көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы –
пікірталастың бағытын ұстап тұру және пікірге, ащы мысқылға жол
бермеу. Сондай-ақ, бұл уақытта мұғалім де өз түсінігін беруіне болады.
6-қадам: Дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім
дәйексөзді оқыған оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап
оқиды. Міне, осы жерде пікірталас аяқталады.
7-қадам: Енді мұғалім басқа оқушыны дәйексөз оқуға шақырады,
барлығы басынан қайта басталады.