|
«Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін»Байланысты: 249 әдіс тәсіл pdf«Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін»
Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне
мағыналық қабыспайтын 3 сөз суырылады. Мысалы, «өзен, қарындаш,
аю» деген секілді. Осы үш сөзді кіріктіре отырып, сөйлемдер
құрастыру керек. Кімнің сөйлемі қызықты әрі ерекше болатынына
көңіл аудару. Былай құрастырылуы мүмкін: «Бала қолына қарындаш
алып, өзенде шомылып жүрген аюдың суретін салды.» Немесе
шығармашыл: «Қарындаштай ап-арық бала өзен жағасында тұрып,
аюдай ақырып, өгіздей өкіріп жылады.»
Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдап алып,
тақтаға жазып қояды да, келесі 3 сөзді суырып, сөйлем құрайды. Одан
да бір сөйлем жазып қояды. Соңында тақтада жазылған сөйлемдерді
құрастырып, мәтін жазу керек. Мәтінді әрқайсысы өз дәптерлеріне
жазуларына болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|