Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф


 Тарихи деректану пәні мен оның міндеттері



Pdf көрінісі
бет14/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

1.2 Тарихи деректану пәні мен оның міндеттері 
Тарихи деректер – тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу 
объектісі. Деректану – тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті – 
тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа 
қатынасын зерттеу. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда 
болды. Алғашқы жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға 
көмектесетін құрал ретінде пайдаланып, зерттеледі. Тарихи деректер 
қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне 
байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі 
дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде бейнелейтіні көріне бастады. 
Сондықтан, ол деректерді зерттеу, бір-бірімен салыстыру, сол арқылы 
шындықты іздеу қажеттілігі пайда болды. Ұзақ жылдағы зерттеу тәжірибесі 
барысында қолданылған әр түрлі тәсілдер негізінде деректерді зерттеу 
әдістемесі қалыптасты. «Дерек оқиғаны қалай бейнелейді» деген сұрақ 
негізгі 
мәселеге 
айналды. 
Жазба 
деректер 
заттай 
деректерден 
(археологиялық) бөлек зерттеле бастады. Тарихи білімнің тарих ғылымында 
айналу процесі барысында біртіндеп деректану ғылымы қалыптасты. 
Рашид-ад-Диннен бастау алған деректану ғылымының дамуына 
қазақтың Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, О.Сүлейменов сияқты үлкен 
ғалымдары өз үлестерін қосты. Өкінішке орай, 70 жылдан аса өмір сүрген 
әміршіл-әкімшіл жүйе қазақты өз дерегін танып-білу мүмкіндігінен күштеп 


14 
айырды. Ендігі мақсат – кезінде біршама дамыған қазақи деректануға қайта 
өрлеуіне күш салу. Ал әзірге біз көп жағдайда дәріс барысында орыс 
деректану мектебінің жетістіктеріне сүйенеміз. Оның бірнеше себептері бар. 
Біріншіден, Қазақ елінің алдымен Ресей империясының, одан соң КСРО 
құрамында болғаны – тарихи шындық. Содықтан көп жағдайда біздің 
тарихымыз ортақ. Екіншіден, тарихи деректану ғылымы іргелі ғылым ретінде 
барлық халықтарға ортақ, бұл ғылымның жетістіктерін барлық халықтар 
пайдалануға құқылы, сондықтан 200 жылға жуық тәжірибе жинаған орыс 
тарихи деректану мектебінің, басқа да халықтардың деректерді зерттеу 
тәсілдерін, жолдарын үйрену – қажеттілік. 
Тарихи деректанудың жалпы тарих ғылымындағы алатын орнын 
анықтау үшін оның қосымша тарихи пәндер мен және басқа да тарихи 
зерттеулердің ара қатынасына зер салу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет