Қожанова Нұрсая Ерсайынқызы ,
№4 бастауыш мектебінің 4 «Ә» сынып оқушысы
ОҚО, Арыс қаласы
Тақырыбы: Адыраспан – дәрілік өсімдік
Жұмыстың жетекшісі: Идияева Нұрлықыз
Бағыты: Дүниетану
Жұмыстың мазмұны:
Пікір
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар:
І. Кіріспе
А) Адыраспан -дәрілік өсімдіктер.
ІІ. Негізгі бөлім.
А) Адыраспанның өсіп- өнуі, табиғатта таралуы.
Ә) Дәрілік өсімдік – адыраспанның пайдасы.
Б) Адыраспаннан жасалатын дәрілік тұнбалар қасиеті.
II. Қорытынды
А) Адыраспан халық ұғымында
Кіріспе
Адыраспан – біздің үйдің айнала шетінде көп өседі. Біздің Қазақстанда Оңтүстік өңірдегі көп кездесетін дәрілік өсімдіктің бір түрі, ол түйе табандар тұқымдасына жататын көпжылдық терек тамырлы өсімдік.
Мен оны кішкентай кезімнен білемін. Әжем адыраспанды кептіріп үйді түтіндететін (аластайтын). Есейе келе білгенім ол үйді тазалайды екен. Әжемнен адыраспан туралы көп естіп өстім. Адыраспан – киелі және қасиетті өсімдік деп айтатын.
Ол кішкентай балалар көп тұмаурататын ауруға ем екен. Біздің ішіміз ауырғанда қайнатып беретін. Асқазан ауырғанда дәнін қайнатып белгілі мөлшерде тұнбасын ішкізетін және тағы басқа көп ауруларға ем екенін естідім және журналдардан оқыдым.
Отбасымызбен өз өлкемізде өсетін өсімдіктерде көп ауруларға қолдандық.
Мектепке келгеннен кейін адыраспанды зерттей бастадым. Төменде адыраспанның шығу тарихын бердім.
Мен бұл жобамды алғаныма аса қуаныштымын, дүниетану пәніне деген құлшынысым артты.
Ғылыми зерттеу деген жан-жақты тақыпты қамтитын сала екеніне көзім жетті.
Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасынажататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.
Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекшекүшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстандаоның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батысжәне Орталық Азия,
Солтүстік Африка менМексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысуөзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр –шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |