тұнба сұйықтығын стерильді пробиркаға құйып, оның 1 мл-іне 500-1000 ӘБ
мөлшеріндегі пенициллин мен стрептомицинді қосады да біраз уақыт ұстап,
бактериологиялық бақылау жүргізілгеннен кейін жұқтыру жұмыстарына
пайдаланылады.
Нәжісті дайындау
. Шамамен 1 г нәжісті ішінде моншақтары бар ыдысқа
салып, 10 мл Хенкс ерітіндісін немесе фосфатты тұз ерітіндісін қосады да сілкілеу
арқылы гомогенизациялайды. Гомогенизацияланған материалды 30 минут бойы
2000-3000 айналым/минутта центрифугалайды.
Тұнба сұйықтығын алып, оған
пенициллин мен стрептомицинді 500-1000 ӘБ/мл, нистатин 30 ӘБ/мл және 0,2
мг/мл тетрациклин қосады. Антибиотикте 30-60 минут тұрғаннан кейін
стерильдігін анықтау үшін себінді жасайды да, минус 10-20ºС температурада
сақтайды. Жануарларға, тауық эмбриондарына немесе жасуша өсінділерге
жұқтырар алдында материалды ерітіп, мұздатудан
кейінгі пайда болған
тұнбалардан арылту үшін қайтара центрифугалайды. Артық қалған материалды
зерттеу жұмыстарының соңына дейін мұздатылған күйінде сақталады. Нәжісті
зерттеу жұмыстарын ректальдық жағындыларды зерттеумен алмастыруға болады.
Зәрді
500-1000 ӘБ/мл мөлшеріндегі антибиотиктермен өңдегеннен кейін
жұқтыру жұмыстарында пайдалана береді.
Зақымдалған терідегі
папулалардың
,
көпіршіктер
мен
пустулалардың
ішіндегі заттарды және
қабыршықтар
мен
қабықтарды
зерттейді. Ол үшін
папулалар мен көпіршіктердің ішіндегі заттарды 1:5 қатынасында физиологиялық
ерітіндімен араластырады, ал қабыршықтар мен қабықтарды ұнтақтағаннан кейін
1:5-1:10 қатынасында тұзды ерітіндімен суспезиялағаннан кейін 10-15 минут
аралығында 2000-3000 айналым/минутта центрифугалайды.
Пенициллин және
стрептомецинмен (200-500 ӘБ/мл) өңдегеннен кейін материалды жұқтыру
жұмыстарында қолданады.
Қанды дайындау
. Вирустарды бөліп алу жұмыстарында дефибринделген
қанды, не антикоагулянт қосылған қанды қолдануға болады. Соңғысында 5 мл
қанды 5-6 тамшы гепарині бар түтікке құйып, тоңазытқышта қатырады.
Еріткеннен кейін гомолизге ұшыраған қанды 2000-3000 айналым/минутта 15
минут бойы центрифугалайды да, 100-200 ӘБ/мл көлемінде пенициллин мен
стрептомицин қосып, стерильдікке тексергеннен кейін жұқтыруға пайдаланады.
Мұндай жұмысқа ұйыған қандарды да қолдануға болады. Ол үшін ұйыған қанды
келіде ұнтақтағаннан кейін Хенкс ерітіндісін қосады (1:1 немесе 1:2
қатынасында).
Серологиялық зерттеуге қан алу
. Серологиялық зерттеу жұмыстарына 2 қан
сарысуы үлгілері қажет. Ол үлгілер аурудың бастапқы және соңғы кезеңдерінде
алынады. Бірінші қан сарысуының үлгісі –
аурудың инкубациялық немесе
клиникалық белгілерінің байқалу кезеңінің алдында, ал екіншісі – аурудың сауығу
кезеңінде немесе ауруға шалдыққаннан кейін 2-3 апта өткен соң алынады.
Жануарлардан қан алу және қанның сарысуларын дайындау жұмыстары стерильді
жағдайда жүргізіледі, оларға антикоагулянттар мен консерванттарды қосуға
болмайды. Себебі олар қан сарысуларын антикомплементарлық жағдайға
ұшыратады,
бейтараптау
реакциясында
вирустарды
инактивациялайтын
қасиеттерге иеленеді немесе жасуша өсінділеріне улы болады, не стерильділігі
бұзылады.
Малдан 10-15 мл қанды резеңке тығыны бар түтіктерге алып, ұйығанға дейін
бөлме температурасында ұстайды да, шыны таяқшамен немесе басқа сайманмен
жиегін айналдырғаннан кейін (+4ºС) тоңазытқышқа 18-20 сағатқа қалдырады.
Сонан
соң сарысуды сорып алып, 100 ӘБ/мл мөлшерде пенициллин мен
стрептомицин қосады да, бактериологиялық орталарға себінді жасайды.
Вирусологиялық балауда қолданылатын серологиялық әдістерде қос қан
сарысуы үлгілері зерттеледі. Сондықтан бірінші алынған сынамалар дұрыс
сақталуы керек. Қан сарысуларын міндетті түрде тоңазытқышта +4ºС-де немесе
төменгі температурада қатырылған күйінде сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: