ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР • АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР • АТМОСФЕРАНЫҢ ӨЗГЕРУІ
5
Қосымша сұрақтар
С12. Оң әсер дегеніміз не?
Оң әсер дегеніміз – өзгерістің
одан әрі жалғасуына
себеп болатын жүйедегі өзгеріс. Теріс әсер дегеніміз
жағдайды бастапқы күйге немесе тепе-теңдікке алып
келетін жүйедегі өзгеріс .
• Ұсынылатын фильмдер
- Климаттың табиғи өзгерістері
- Ғаламдық жылыну
- Гренландия мұз сауытының жағдайы
- Ғаламдық суыну
- Қоңыздар
С13. Ғаламдық жылыну қашан басталды?
Нақты уақытты айту қиын, бірақ көпшілік оны өндіріс
революциясына тұспа-тұс келтіреді,
себебі адамдар
қазбалы отынды жағып, дамыған елдерде өндіріс
дами бастады. Оған 1850 жылғы жазбалар дәлел
бола алады.
• Не себепті ғаламдық жылыну бізді толғандырады?
Ғаламдық жылыну бізді бірнеше
себептерге байланысты
толғандырады. Мұхит температурасының кенет артуынан
күшті дауылдар жиі болып, құрғақшылық, су
тасқыны
секілді табиғат құбылыстарын туғызуда. Екіншіден,
мұздықтардың еріп, мұхиттардың жылулық ұлғаюы
есебінен теңіз деңгейі көтерілуде. 20-шы ғасырда оның
15-тен 20 см-ге көтерілгендігі байқалған.
Теңіз деңгейінің
өсуі Жердің төменгі бөліктеріне, өзен сағаларына, өзен
жағасындағы аймақтарға және кейбір аралдарға қауіп
төндіреді.
Сондай-ақ, ғаламдық жылыну ауылшаруашылық
жүйелеріне және әлемдік экожүйенің тиімді бейімделуіне
уақыт болмайтындай жылдамдықпен жүзеге асуда.
Сонымен қатар, “бұзылу нүктесі” ретінде танымал мұхит
пен атмосфера айналымының
кенет өзгерісі ғалымдарды
алаңдатуда. Мысалы, Солтүстік Батыс Еуропаны
жылытатын Гольфстрим ағысы біртіндеп өшудің орнына
кенеттен жоғалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: