Гаструляция механизмдеріне эсер ететін факторлар. Гаструляцияның
әдістері мен жылдамдығы біркатар факторларға: жасушалардын асинхронды
көбеюін, дифференциялануын және орын ауыстыруын қамтамасыз ететін
дорсовентральды метаболизмдік градиентке; жасушалар тобының жылжуы-
на септесетін жасушалардын беткейлік тартылысы мен жасуша аралык бай-
ланыстарына байланысты болады. Сонымен катар, индуктивті факторлардың
да маңызы зор. Г. Шпеман ұсынған ұйымдастырушы орталыктар теория-
сы бойынша, үрыктың баска аймактарына индукциялык эсер етіп, олардың
белгілі бағытта дамуын камтамасыз ететін, ұрыктың кейбір аймактарында
индукторлар (ұйымдастырушы факторлар) пайда болады. Дәйекті эсер ететін
бірнеше реттік индукторлар (үйымдастырушылар) бар. Мысалы, I реттік
үйымдастырушынын эктодермадан жүйке табакшасының дамуына эсер ететіні
дәлелденген. Жүйке табакшасының бір бөлігінін көз бокалына айналынуына
септесетін II реттік үйымдастырушы жүйке табакшасында пайда болады.