Студенттің орташа балы (GPA). Рейтинг. Бақылау. Студенттің үлгерімі бойынша орташа балл есептеледі.
(GPA), оның ең жоғарғы кӛрсеткіші 4,0 балды құрайды.
Орташа балл студенттің қорытынды нәтижесі бойынша
шығарылады. Ӛз кезегінде нәтиже балдық-рейтингілік жүйе
бойынша бағаланады. Рейтинг – бұл балдық кӛрсетілімдегі
студент қызметінің бағасы. Рейтингтік жүйені оқу үдерісінде
дұрыс қолдану студенттің білімін, қабілетін, дағдыларын және
жүйелік еңбегін бақылау әділдігінің артуына ықпал етеді, бұл
алған білімнің беріктігінің кепілі болып табылады.
Студенттің оқу блогы ағымында әр түрлі жұмыстарға
қатысқаны үшін алған балдарының сомасымен анықталатын
рейтинг білім беру сапасының жалпы кӛрсеткіші ретінде
танылады.
Студенттердің білімін үздіксіз рейтингілік бақылау оңтайлы
үйлесімі ӛзара байланысты бақылаудың үш түрін құрайтын
кезеңдерден ӛтеді: ағымдық, аралық және қорытынды.
Бақылаудың әр түрі үшін студент белгілі балл жинауы керек,
олардың жиынтығы қорытынды бағаны (қорытынды рейтинг)
қалыптастырады.
Студенттер білімінің деңгейін анықтау мақсатында