24
бағыттың бастауы іспетті "Маса" жинағы 1911 жылы дүниеге келді.
Ол – Ахметтің ақындық атағын кеңінен жайып, өз тұсындағы қазақ
ақындарының алдыңғы қатарына шығарған туынды.
А. Байтұрсынов өз өлеңдерінде өнер-білімнің құдіретіне табынуға,
олардын
қадір-қасиетін атақ пен шен, мансап пен байлық көзіне
айналдырмауға үндеп, Абай тағылымын әрі қарай жалғастырды. Абай
дәстүрін ұстанған Ахмет өз өлеңдерінде қараңғылық құшағында
мүлгіген халқына: "Аш көзінді оянып" деп қозғау салып, ұран
көтереді.
А. Байтұрсынов өлеңдеріндегі ағартушылық сипаттың өзіне
дейінгі ақындардан өзгешелігі бар. Ол
өнер-білімді халықтың
санасын оятып, өзгенің езгісіндегі тұрмысының себеп-салдарына
көз салдырар бостандыққа ұмтылудың нұрлы сәулесі деп
санайды. Бостандық ұғымы бұрынғы поэзияда басты ой нысанасы
болып көрінбесе, Ахмет
өлеңдерінде ол негізгі тақырып, өлеңге өзек
болар ойдың "темір қазығы" іспеттес. Абай, Ыбырай туған халқының
тағдырына күйзеліп, өркениетте озық кеткен өзге халықтармен иық
тірестіруді, "тіл ұстартып, өнер шашпақтан" іздесе, Ахмет оны
бостандық үшін күреспен байланыстырады. Оның өзіне дейінгі саңлақ
ақындардан бір қадам ілгері басқандығы да, поэзиясының
салмақтылығы мен құдіреті де осында. Ахаңның "Досыма хат",
"Жиған-терген", "Анама хат", "Жауға түскен жан сөзі", "Жауап
хаттан", т.б. өлендерінің тегеурінді қуаты осы бір ұқтырар ой
аңғарында жатыр.
"Маса" жинағына енген өлеңдерден, әсіресе, кейінгі
басылымдарына енген
өлеңдерінен төңкерісшіл рух, 1905-1907
жылдардағы толқулардан қанаттанған тасқын күштің серпілісі ұшқын
шашады.
Ақынның азаматтық поэзиясынан оның өмірлік өзгерістерге
белсенді қатынасы көрініс беріп, қоғамдық қайраткерлігін
айқындай түседі. Поэзияның саяси-әлеуметтік мәнін арттыра
түсуге, жетілдіре түсуге тырысуы содан. Әсіресе, "Қа...қаласына",
"Жұртыма", "Ақын ініме", ''Жауап хаттан"
тәрізді өлеңдері оның
коғамдық қайраткерлік бағдарламасын мейлінше аша түседі. Оларда
25
жеке басқа қатысты күйініш-сүйініштен, қасірет-қайғыдан гөрі,
халық қамын жеген азаматтық поэзиясының халықтық сипаты
басым жатыр.
Ұлы Абайдан тәлім алып, өлең құдіреті арқылы халыққа ой салып, саналы
іс-әрекетке, күреске үндеу – Ахмет поэзиясы әкелген жаңа арна. Сондықтан
да қазақ поэзиясында Ахаң салған жаңа бағыт – ұлттық бірлік пен ұлттық
азат-тықты жырлау, бостандықтың биігіне алып шығар жолды көрсетіп, жөн
сілтеу
Қорыта
айтқанда, Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы XX
ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму тарихындағы биік белес
болып қала бермек. Ол қазақ әдебиетіндегі нағыз ұлт-азатшыл
поэзияның негізін қалап, қазақ поэзиясына
азаттыққа ұмтылған
азаматтық жыр үлгісін алып келді.
Достарыңызбен бөлісу: