Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет45/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   109
Байланысты:
treatise124489

Прозалық шығармалары.
"Бандыны қуған Хамит" әңгімесінде 
жазушы ақ бандыларға қарсы күресті баяндайды. Соғыс 
майданындағы ашық күресте талқандалған революция жауларының 
қалдығы енді бейбіт құрылысқа зиян келтіру мақсатымен бандиттік, 
елді тонағыштық әрекеттерге бекінген. Солардың бір бөлігін құрту 


57 
күрескер азамат Хамитке тапсырылады. Бандыны іздеп шығып, 
күтпеген жерден жауының кезенген мылтығына тап болған Хамит 
абыржып саспайды, ажалға қарсы тұрып, жаумен айқасқа түседі.
 
Әңгіме сюжет құрылысы жағынан тартымды, қызғылықты. Өзіне 
атылғалы тұрған мылтыққа қарсы тіке шапшып, жалаңаш қолмен 
Хамит жауымен ұзақ алысады. Мұның өзі — өлім мен өмірдің 
жанталасқан майданы еді. Айқас үстінде Хамит табандылық, 
тапқырлық, қайраттылық көрсетеді. Алайда банды қашып кұтылады. 
Сол арқылы жазушы бандитизммен күрес жалғаса беретінін 
білдіреді. 
"Жер қазғандар" повесінде жазушы темір жол салынып жатқан 
Көкшетау даласының сұлу көркі мен табиғатын поэзиялық тілмен 
әдемі суреттейді. Еңбекке шынығып төселген, зауыт, шахта, 
құрылыс жұмысшылары Әзімхан, Сатай, Хасен сияқты еңбек 
адамдарының еңбегі мен адамгершілік қарым-қатынасын сипаттайды. 
"Тар жол, тайғақ кешу" романы - Сәкен прозасының биік шыңы. 
Уақиғаны өз атынан баяндай отырып, автор кітаптың алғашқы 
тарауында революция алдындағы қазақ ауылының тіршілігін, 1916 
жылғы азаттық көтеріліс уақиғасын суреттейді. "Революцияның 
алғашқы жылдары", "Совет үшін күресте" дейтін тарауларда қалада, 
елде бостандық жолындағы күрестің бірте-бірте кеңге қанат 
жайғаны баяндалса, "Ақмола түрмесінде", "Колчак әкімішлігі",
«Атаман Анненковтың азап вагонында», "Омбы лагерінде" атты 
тарауларында уақытша сәтсіздікке ұшыраған азаттық күрестің қатал 
трагедиясы мен жеңіске деген берік сенімді, ерлік күресті суреттейді. 
Кітаптың Баянауыл, туған ел, Бетпақ дала, Түркстан аймағына 
арналған тараулары қазақ ауылының қоғамдық өмірін елестетеді. 
Романда 
революция 
қарсаңындагы 
қазақ 
ауылының 
әлеуметтік, рухани тіршілігі суреттеледі.Оқудан қайтып оралған 
Сәкенге жазғы жайлаудағы, ауылдағы әлеуметтік теңсіздіктер қатты 
әсер етеді. Ол 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде патша 
әкімдерінің бейбіт елді ойрандаған жауыздығынан түңіледі. Оған 
қарсы күрес үстінде шынығып, шыңдалып өсіп, алдыңғы қатарды 
саяси қайраткер дәрежесіне көтеріледі. 


58 
Романда хандық заманды армандаған ұлтшылдарға да, патшалық 
тәртіпті қайта орнатпақ болған контрреволюциялық күштерге де 
батыл қарсы шыққан интернационалист — күрескерлер бейнесі 
жасалған. Олар: Сәкеннің өзі, Абдолла Асылбеков, Бәкен Серікбаев, 
З.Катченко, Пьянковский, Монин, Дризго, Жұмабай Нұркин, т.б. 
революционерлер. Барлық оқиға автордың немесе оның 
достарының көзқарасы тұрғысынан сипатталғанда — Сәкеннің әрі 
күрескер, әрі суреткер екендігі бірден айқын сезіліп отырады. 
Басты кейіпкерлердің мінез-құлқы өмірдің ең қатал, ауыр сынында 
шыңдалып, көбіне өлім мен өмірдің тартысы жағдайында өтеді, 
Сәкен: "Достың достығы, қастың қастығы, адамның адамшылық және 
түрлі хайуандық мінездері тар жол, тайғақ кешуде ғана білінеді екен", 

деп жазады. Мұнда көп жайды жазушы суретші ретінде ғана емес, 
тарихшы, публицист ретінде де баяндайды. Ішкі Россияда, Батыс 
Қазақстанда, Орынбор, Торғайда, Түркістанда, Омбыда, Семейде 
қандай өзгеріс, саяси тартыс жүріп жатқандығын, революцияның 
жеңісін толық хабарлай отырып, Ақмоладағы өзі қызу араласқан 
уақиғаны нақты суреттейді. 
Сәкен — қазақ әдебиетінің бар жанрында алғаш рет күрделі 
шығармалар ұсынған жаңашыл да батыл суреткер. Сәкеннің прозасы 
мен драматургиясы — қазақ әдебиеті өркендеуінің жаңа кезеңдері. Ол 
орыс әдебиетіндегі Маяковскийдің жаңашылдығын, Горькийдің өршіл 
романтикалық үлгісін, А.Блок, С.Есенин дәстүріндегі сыршылдық 
үлгілерін қазақ әдебиетінің тәжірибесіне ұштастыруда батыл қадам 
жасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет