Эндокриндік бездердің
өзегі болмайды, өнімдері тікелей қанға құйылады да бүкіл денеге тарап
мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секреция бездердің өнімдерін
гормон
(грек.гормо – іске
қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын,
организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, энергия және зат алмасуын, мүшелердің қызметін
реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі.
Ішкі секрециялық бездерге: гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік бездері, айрлы (тимус) без,
бүйрек үсті бездері, қарын асты безінің (ұйқы безі) Лангерганс аралшықтары, жыныс бездері жатады.
Ұ йқы безі мен жыныс бездері аралас бездерге жатады, себебі сыртқы және ішкі секрециялық бездердің
де қызметін атқарады.
Гормон - өте белсенді химиялық зат. Гормондардың қасиеттері:
- олар өте белсенді, өте аз мөлшерде де әсер ете алады (микрограмм, нанограмм);
- әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспесе екінші бездің гормоны оның қызметін атқара
алмайды;
- ұлпаларға, мүшелерге қашықтан тұрып әсер етеді.
Гормондар химиялық құрамына қарай: белок, полипептид, липидтер және стереойдтарға жатады.
Әрбір ішкі секрециялық без тек нақты гормон өндіреді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда
гипосекреция
(грек.гипо- аз, төмен) және күшейгенде
гиперсекреция
(гипер – артық, жоғары)
байқалады. Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы организмнің тіршілігіне әсер етіп, қауіп
төндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |