Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет46/123
Дата08.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#120043
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   123
Байланысты:
Лекциялық сабақтар

Гипофиз.
 
Бас сүйегінің “ түрік ері” деп аталатын сүйегінде орналасқан. Жаңа туған сәбидің 
гипофизінің салмағы 10-15 мг, 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі, жасөспірімдерде ересектердікіндей 
50-65 мг болады. 
Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы және артқы. Алдыңғы және ортаңғы бөлігін 
аденогипофиз
, артқы бөлігін 
нейрогипофиз
деп атайды. Алдыңғы бөлігі 75%, ортаңғы – 1-2%, артқы – 
18-23% құрайды. 
Гипофиздің гормондары 
Аденогипофиз 
Нейрогипофиз 
Алдыңғы бөлігі 
Ортаңғы бөлігі 
Артқы бөлігі 
1. Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ); 
2. Тиреотропин (ТТГ);
3. Адренокортикотропин (АКТГ)
4. 
Гонадотропиндер 
(лютейіндеуші, 
лютеотроптық, 
фоликулстимулдеуші гормондар) 
1. Меланотропин 
(МТГ) 
1. Вазопрессин; 
2. Окситоцин 
Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ)
– белоктың алмасуын, ұлпалардың өсуін реттейді, май 
мен көмірсудің алмасуына әсер етеді. Жаңа туған сәбиде өсу гормонының мөлшері өте көп (60 ммкг/мл), 
3 айда 16 ммкг/мл, ересек балаларда 10,8 ммкг/мл, ал ержеткенде 0,55 ммкг/мл болады. 
1945 ж. бұл гормонды Эванс пен Ли Симпсон тек малдың безінен тапқан, ал 1948 ж. 
жануарлардың, 1956-1968 жылдары адамның безінен тапқан. 
СТГ гиперсекрециясында баланың бойы ұзарып (2 м-ден асып кетеді) 
алыптық
, ал 
гипосекрециясында баланың бойы қысқа 
ергежейлік
байқалады.
Жыныстық жетілуден кейін СТГ көбейіп кетсе 
акромегалия
байқалады, яғни адамның бет, қол-
аяқ, жақ сүйектері күшті өсіп ұзарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет