Тиреотропин (ТТГ) қалқанша безінің қызметіне әсер етеді: йодтың без клеткасында жиналуына,
тотығуына әсер етіп қалқанша безінің гормондарының қызметін реттейді.
Адренокортикотропин (АК ТГ) бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гормондары
глюкокортикойдтар мен адренокортикойдтардың өнуіне әсер етеді және көмірсутегінің алмасуына әсер
етеді.
Гонадотропиндер (лютейіндеуші, лютеотроптық, фоликулстимулдеуші горомондар) жыныстық жетілу кезінде маңызы арта бастайды. Ерлер сперматогенезін күшейтеді, әйелдер етеккірін
мезгілінде келтіреді, емізетін әйелдің сүтінің келуін реттейді.