Нейронның құрылысы . Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі – жүйке жасушасы.
Жүйке жасушасын
нейрон деп атайды. Нейронның денесін
сома деп атайды.
Нейронның көптеген ұсақ
өсінділерін -
дендриттер , ал ұзын бір ғана өсіндісін –
аксон (нейрит) деп атайды. Аксонның сыртын
миелин қабығы қаптап тұрады. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Орталық
жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар – глиялар қоршаған. Нйрондар мен глиялар жүйке
ұлпасын құрайды. Глиялар жүйке клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр
изоляторы қызметін атқарады.
Нейрондар бір-бірімен өсінділер арқылы байланысып,
синапстарды (грекше “synapsis” -
байланыс) түзеді. Синапста бір нейронның аксоны екінші нейронның дендритімен байланысады. Синапс
екі бөлімнен тұрады: пресинапстық және постсинапстық бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің
пресинапстық мембранасы бар, ол аксонның жуандаған ұшы – синапс түймешесінің қабығы. Синапс
түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік
медиатор деп аталатын белсенді химиялық
заттан тұрады. Қозуды қабылдайтын дендриттің қабығын