М ай мен көмірсуының тәуліктік қажет мөлшері,
г/кг тәулігіне
Адамның жасы
М ай
К өмірсу
Барлығы
Оның ішінде
өсімдік майы
6 ай – 1 жас
25
-
113
1 – 1,5 жас
48
-
160
1,5 – 2
53
5
192
3 – 4
63
8
233
5 – 6
72
11
252
7 – 10
80
15
324
11 – 13
96
18
382
14 – 17 жігіттер
106
20
422
14 – 17 қыздар
93
20
367
Су мен тұздардың алмасуы
Денедегі судың маңызы
. Су адам тіршілігі үшін өте маңызды рөл атқарады. Тамақсыз тек сумен
60 күндей өмір сүруге болады, ал сусыз 8-10 күн ғана өмір сүруге болады. Бала ағзасында судың
мөлшері жоғары болады – 75-80%, ал ересек адамда 65 %.
Физиологиялық тұрғыдан судың екі түрін айырады: ішкі және сыртқы. Ішкі суға дененің
ұлпаларының құрамындағы су жатады. Ал сыртқы суға адамның ішетін шайы, сұйық тамағының
құрамындағы түрлі сусындар жатады. 1 жастағы бала тәулігіне 800 мл, 2-4 ж – 950 мл, 5-6 ж – 1200 мл,
11-14 ж – 1500 мл, ал ересек адам тәулігіне 2,0-2,5 л сыртқы су қабылдауы тиіс.
Судың қызметі: ферменттердің қоректік заттарды ыдыратуына қатысады, қан мен лимфаға
қоректік заттардың сіңуіне, газ алмасу және зат алмасуы қалдықтарын тазалап сыртқа шығаруға, дене
жылуының тұрақтылығын сақтауға қатысады.
Несеп арқылы тәулігіне 1,2-1,5 л, тер арқылы 0,5-0,8 л, үлкен дәре арқылы 0,1-0, л, дем шығару
арқылы 0,4 л су денеден шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |