11-тақырып. Денедегі заттар мен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері. Тамақтану гигиенасы
Зат алмасу мен энергия алмасу тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі.
Зат алмасу екі процестен тұрады:
ассимляция
(синтез) және
диссимляция
(ыдырау). Ассимляция
мен диссимляцияның нәтижесінде организмге қажетті заттар түзіліп, ескірген ыдыраудан пайда болған
қажетсіз заттар сыртқа шығарылады. Балалар мен жасөспірімдер организмінде ассимляция
диссимляциядан басым болады, ересек адамдарда тең болса, қартайғанда диссимляция басым болады.
Адам организмінде клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық
және бейорганикалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, гормондар мен
ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минералды тұздар жатады. Денсаулығы жақсы 70 кг
салмағы бар ересек адамның организмінде шамамен 40-45 л су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг
тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсу болады.
Достарыңызбен бөлісу: |