Абай қҰнанбайұлының 175 жылдығына арналған «гуманитарлық ЖӘне қОҒамдық Ғылымдар: жетістіктер және мүмкіндіктер»



Pdf көрінісі
бет126/256
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#120084
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   256
Байланысты:
sbornik-tezisov-07.10.2020g.

Зерттеу әдістері: 
талдау,салыстыру. 
Нәтижесі: 
Қазақ
халқы жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Қазақ 
шешендік өнері

атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты 
өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында 
сақталып, жұпталып көптің көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық 
сөздерінде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, 
көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды керекті, 
келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің 
күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: 
шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлінеді. 
Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, 
көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған 
қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр
дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің 
талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді 
үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және 
салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және
қорытынды болып бөлімнен 
тұрады. 
Қорытынды: 
Дарынды адамдар қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі және 
танымын дамыту керек. Негізі халқымыздың даналықпен айтқан шешендік сөздерінде 
жатыр. Қазіргі кезде даналыққа құрылған қанатты сөздерді, мақал
-
мәтелдерді, шешендік 
өнерді жас ұрпақтың бойына қалыптастырып, сол арқылы рухани байлығын арттыру 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет