3-сынып тапсырмалары Қазақ тілі Ана тілі Математика І. Түсінік хат



Дата25.12.2016
өлшемі399,07 Kb.
#4407
3-сынып тапсырмалары

Қазақ тілі

Ана тілі

Математика

І. Түсінік хат

«Қазақ тілі» – бастауыш мектептегі негізі де маңызды пән. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі.

Қазақ тілі пәнінде қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.

Пәнді оқытудың мақсатыоқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерген, алған тілдік білімдерін өмір жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Қазақ тілі пәнінің міндеттері:


  • дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;

  • сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;

  • алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдік материалдар негізінде теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту;

  • оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

  • диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;

  • өздігінен мәтін құру, өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;

  • оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;

  • қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Бастауыш мектепте оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер боынша оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді.

Қазақ тілі оқу пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің басты функционалдық және коммуникативтік ұстанымдары пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады. Ал қолжетерлік ұстаным оқу мазмұнын сызықтық-концентрлік жүйемен орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Материалды концентрлі оқыту тілдік ақпаратты сыныптан сыныпқа (2,3,4) өткен сайын біртіндеп күрделендіре түсуге мүмкіндік береді



Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады.

Оқу жылындағы барлық сағат саны:

3-сыныпта – аптасына 4 сағат, жылына - 136 сағат;



Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыру қажет. Мәселен:

3-сынып «Қызықты грамматика», «Грамматика еліне саяхат».




ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

3-сынып оқушылары:

  • э, в, ф, ц, ч, щ, х, һ әріптерінің емлесін;

  • мәтін түрлерін;

  • сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін;

  • жай сөйлемнің жалаң және жайылма түрлерін;

  • түбір сөз бен туынды сөзді;

  • түбір мен қосымшаның емлесін;

  • негізгі және туынды зат есімді;

  • зат есімнің тәуелденуін;

  • негізгі және туынды, болымды, болымсыз етістікті;

  • сын есім мен сан есімді біледі.

  • Сөзге дыбыстық талдау жасайды;

  • сөйлемді сөйлем мүшесіне талдай алады;

  • мәтіннен қаратпа сөздерді таба алады;

  • сөздің лексикалық мағыналарын (мәндес, қарама-қарсы мағыналы,

көп мағыналы) ажыратады;

  • туынды сөздерді ажыратады;

  • сөз құрамына және сөз тұлғасына талдай алады;

  • сөз таптарын өтілген белгілері бойынша талдай алады;

  • оқылған мәтін түрлерін (әңгімелейді, сипаттайды, пайымдайды)

ажыратады;

  • мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауға дағдыланған.

  • Тұрақты сөз тіркестерін өз тәжірибесінде пайдалана алады;

  • мәтіндегі тірек сөздерді табады және олармен мәтін құрай алады;

  • қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес диалог, монолог құра алады;

  • өтілген орфографиялық және пунктуациялық нормаларға сай қатесіз



Қазақ тілі сабақтарындағы жазба жұмыстары:

Оқушылардың каллияграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға 3 сыныптарда әрбір грамматика сабақтарында шамамен 3-5 минут уақыт бөлінеді.

3 сыныптарда жазылуы қиын сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді қатесіз, әрі каллияграфиялық талапқа сай жазу дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар орындалады.

Қазақ тілінен жүргізілетін негізгі жазба жұмыстары- көшіріп жазу, жатқа жазу, диктант, мазмұндама, шығарма.

Диктант

Есту диктанты, көру диктанты, сөздік диктант, шығармашылық диктанттары күнделікті сабақта ыңғайына қарай мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіліп отырады. Ал оқушылардың сауаттылығын тексеруге арналған диктант әр сыныпта шамамен 4 рет (әр тоқсан сайын 1 рет) алынады.



Бақылау диктанты әр сыныпта шамамен 5 рет (әр тоқсан сайын- 1 рет, оқу жылының қорытындысы бойынша – 1 рет) алынады.

Диктантқа арналған сөз саны төмендегі мөлшерде белгіленеді:



Сөздік диктанты:

3 сыныпта 12-15 сөз.



Бақылау диктанты:

3- сынып – I жартыжылдықта 40-50 сөз, жыл аяғында 50-65 сөз.



Мазмұндама және шығарма.

Оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізуге үйрету мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Ауызекі және жазба тілде мазмұндау, шығарма жұмыстары берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер, саяхатта көргендері және т.б. бойынша жүргізіледі.

Үйрету мақсатындағы мазмұндама жұмысы 3 сыныптарда жыл бойына барлығы шамамен 4 рет (әр оқу тоқсаны сайын 1 рет) алынады. Мазмұндамаға арналған сөз саны:

3 сыныпта 50-70 сөз

Үйрету мақсатындағы шығарма жұмысы 3 сыныптарда шамамен 3 рет (әрбір сынып сайын I жартыжылдықта – 1 рет, II жартыжылдықта – 2 реттен) алынады.

Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстарының нормасы


Сыныптар

I тоқсан

II тоқсан

III тоқсан

IV тоқсан

Қорытынды бақылау диктант

Сауаттылығын тексеруге арналған диктант

3

1

1

1

1




Бақылау диктанты




3

1

1

1

1

1

Мазмұндама

3

1

1

1

1

Шығарма

3




1

1

1

Диктантты бағалау критерийлері:

«5» - қатесі мүлде жоқ, таза, барлық қаллияграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;

«4» - а)1 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе,б) 1 емле, 2 тыныс белгісі қателері болса, бірақта жұмыс таза орындалу керек;

«3» - а)3 емле, 2-3 тыныс белгісі,б) 4 емле, 2 тыныс белгісі,в)5емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілген жұмысқа қойылады;

«2» - 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады.

Мұғалім диктантты тексергенде мынаны ескерген жөн:


  • бір сөзден жіберген қате бірнеше рет қайталанса- 1 қате болып есептеледі;

  • бір ережеге байланысты әртүрлі сөздерде жіберген қателердің әрқайсысы бір қате болып есептеледі;

  • тасымал кезінде сөздің бұрыңғы жолда қайталанып кездесуі. Сондай-ақ жіберілген мынандай қателер есепке алынбайды: а)өтілмеген орфограммалар мен тыныс белгілері болса, б) сөйлем соңына нүкте қойылмай бірақ келесі сөйлемді бас әріппен бастап жазса.

Қате болып есептеледі:

  • сөздерді жазудағы емлелік ережелердің бұзылуы, әріп тастап кету, әріптердің орнын ауыстыру немесе артық әріп жазып қою;

  • сынып бағдарламасына енетін сөздердің жазылуында жіберілген қателер;

  • бағдарлама бойынша өткен тақырыпқа байланысты тыныс белгілері қойылмаса;

Грамматикалық тапсырмаларды бағалау критерийлері:

  • «5» -түгелдей қатесіз орындалған тапсырмаға;

  • «4» - 1 қатесі бар түгел орындалған тапсырмаға;

  • «3» - тапсырма толық орындалмаса;

  • «2» - тапсырма мүлдем орындалмаса.

Диктант және грамматикалық тапсырмалардан құрылған бақылау жұмыстарына екі баға қойылады, жеке баға диктантқа және жеке баға тапсырмаға.

Мазмұндаманы жалпы бағалауда мынаны ескерген жөн:

  • мазмұны (автор мәтінінің негізгі мазмұны қалай жеткізілген: толық, негізгі

көріністерді қалтырмай, бұрмалаусыз);

  • мәтіннің құрылымы (мазмұндау барысы, азат жолдарды белгілеу, бөлімдердің орналасуы)

  • сөйлемдердің құрылымы, сөздер ретін сақтау, мәтін лексикасы (сөздерді өз мәнінде қолдана білу)

  • емлелік және пунктуациялық сауаттылық

Шығармашылық жұмыстарды (мазмұндама, шығарма) бағалау критерийлері:

2-3 сыныптарда үйрету мазмұндама мен шығармаға журналда мазмұнына ған 1 баға қойылады. Ал бақылау мазмұндамасына, шығармаға 2 баға қойылады (мазмұнына, сауаттылығына, мысалы 4/5). 4 сыныпта үйрету және бақылау мазмұндамаға, шығармаға 2 баға қойылады (мазмұнына, сауаттылығына (5/5).



Мазмұнына байланысты бағалау критерийлері:

«5» -автор мәтінінің толық жеткізгені, тақырыптың ашылуы, сөз қорының байлығы, мазмұнға байланысты қателері жоқ;

«4» - автордың мәтіні бойынша дұрыс мазмұндалған, бірақта мазмұндау барысында кейбір олқылықтар бар, тексті құрастыруда 2-3 сөйлем құрамында нақтылық болмағанда;

«3» - тақырып дұрыс ашылмаса, тіл байлығы орташа, сөйлемдерді құрастыруда мазмұнына байланысты қателер болса, автордың текстінен өзгеше болған жағдайда;

«2» - мазмұны автордың мәтініне сәйкес келмесе, сөз қоры нашар, сөйлемдері дұрыс құрастырылмаған жағдайда.

Сауаттығына байланысты бағалау критерийлері:

«5» - емле және тыныс белгілерінен қате жоқ, бірақта 1-2 түзетушілік болса;

«4» - 2 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе және 1-2 түзетушілік болса;

«3» - 3-5 емле, 1-2 тыныс белгісінен қате болса, 1-2 түзетушілік болса;

«2» - 6 дан астам емле, 3-4 тыныс белгілерінен қателер, 3-4 түзетушілік болса.

І тоқсан

Диктант № 1

Әсеттiң әкесi-орманшы. Бiз Әсеттiң үйiне бардық. Орманды әкесiмен бiрге аралады. Онда неше түрлi ағаштар өседi екен. Орман ағаштарының басында әдемi құстар ұшып-қонып жүр. Әншi құстар да көп. Неше түрлi зиянды жәндiктер де бар. Ағаштарды зиянды жәндiктерден қорғау керек.

(41 сөз.)

Грамматикалық тапсырмалар


І нұсқа

1.Мәтінге ат қою



2. «Зиянды» деген сөзге дыбыстық талдау жаса.

3.Төртінші сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет.



ІІ нұсқа
1.Мәтіннің түрін ажырат.

2. «Түрлі» деген сөзге дыбыстық талдау жаса.

3.Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет.


Диктант №2

Қараторғайлар.

Жер тез кептi. Қайыңдардың жұпар иiстi бүршiктерi жарылды. Адамдар бақшаларын қазып жатыр. Жер астынан қаншама құрт, қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бiр күнде қанша зиянды жәндiктердi жейтiнiн бiлесiңдер ме? Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнiн таң сәулесi ағаштарға түскенде тыңдау керек. (46 сөз.)



Грамматикалық тапсырмалар

І нұсқа

1.Үшінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.



2. Бірінші сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.

3. «Жұпар» сөзіне жуық мәндес сөздер жаз

ІІ нұсқа
1.Бесінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

2. Үшінші сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.

3. «Сәуле» сөзіне жуық мәндес сөздер жаз

ІІ тоқсан

Диктант №3



Мәншүк Маметова.

Мәншүк Маметова менiң шәкiртiм едi. Оны екiншi сыныптан бастап оқыттым. Бастапқы кезде Мәншүк орыс тiлiн бiлмейтiн. Бiрақ Мәншүк үйренуден,бiлуден жалықпады. Оның бойында қайтпас талап бар едi. Бұл қасиет оған орыс тiлiн тез үйренуге көмектеседi. Мәншүктiң тағы бiр қасиеттi-ұстамдылығы. Алдына қойған мақсатын ол табандылықпен орындайтын. (47 сөз.)



Грамматикалық тапсырмалар

І нұсқа

1.Үшінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.



2. Екінші сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.

3. «Тез» сөзіне жуық мәндес сөздер жаз

ІІ нұсқа
1.Төртінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

2. Соңғы сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.

3. «Көмектеседі» сөзіне жуық мәндес сөздер жаз

Диктант №4



Табиғатты қорғаңдар.

Табиғат-халық қазынасы. Сондықтан, байлығын пайдаланып, қорғай да бiлуiмiз қажет. Саны сиреп,құрып бара жатқан аң, құстарды,өсiмдiктердi де арнайы кiтапқа тiркеу керек. Бұл кiтапты «Қызыл кiтап» деп айтады. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аз аң-құстар, өсiмдiктер жазылады.

(46 сөз.)

Грамматикалық тапсырмалар


І нұсқа

1.Үшінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.



2. Екінші сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.

3. «Тез» сөзіне жуық мәндес сөздер жаз

ІІ нұсқа
1.Төртінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

2. Соңғы сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.

3. «Көмектеседі» сөзіне жуық мәндес сөздер жаз

ІІІ тоқсан

Диктант №5



Сауысқан.

Сауысқан - өте айлалы, аса сақ құс. Қасына ешкiмдi жуытпайды. Сауысқанның ұшуы да ерекше. Бұл құстың тағы бiр ерекшелiгi - жылтыр, әшекейлi заттарға әуестiгi. Оның ұясынан әр түстi матаны, қағаздарды, жылтыр шыныларды,түрлi түстi тастарды, күмiс тиындар мен алтын сақиналарды да кездестiремiз. Сауысқан тоты секiлдi, адамның айтқан сөзiн жаттап алады. (48 сөз.)



Грамматикалық тапсырмалар

1 нұсқа

1.Берілген сөздерді сөз құрамына талда:

Адамның,тастарды,әшкейлі.



2.Берілген сөзге дыбыстық талдау жаса.

Ұясына


3.Бірінші сөйлемнен тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді тап.

2 нұсқа

1.Берілген сөздерді сөз құрамына талда:

Матаны, шыныларды, айлалы.



2.Берілген сөзге дыбыстық талдау жаса.

Оюлары


3.Соңғы сөйлемнен тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді тап.

Диктант №6

Көктем.

Мамыр айының бас кезі. Жердің беті кілемнің түріндей жап-жасыл. Таң атып, күн шашырап шығып келе жатыр.Таңертеңгі шық өсімдіктердің басында күмістей жалтырайды. Қалың тоғайдың арасынан ирек-ирек болып аққан өзен. Өзеннің жағасында тұманданған қыстау. Жел жоқ. Табиғат күліп тұрған сияқты.Тоғайдың арасында көкек шақырады. Бозторғайлар көкте жүріп ән шырқайды. Осының бәрі адамға жаздың келгенін білдіргендей.

(56 сөз)

Грамматикалық тапсырмалар

1 нұсқа


1.Берілген мәтіннен туынды сөздерді теріп жаз

2.Берілген сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.

Тоғайдың арасында көкек шақырады.



3.Мәтіннің түріне ажырат.

2 нұсқа


1.Берілген мәтіннен туынды сөздерді теріп жаз

2.Берілген сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр

Бозторғайлар көкте жүріп ән шырқайды.



3.Мәтіннің түріне ажырат.

ІҮ тоқсан

Диктант № 7

Жауын

Өзеннің арғы жағынан үлкен қара бұлт көтерілді.Жарты аспанды бүркеп қалды. Күн күркіреді. Құйын соғып өтті. Бұтақтардан үзілген жапырақтар алаңқайдың үстіне айран- асыр үйіліп кетті.

Алғашқы ауыр тамшылар да сіркіреді.Найзағай жарқылдап, күн күркіреді. Жауын ағыл-тегіл құйып кетті.

Ормандағы бүрі қалың,бұтақты шыршаны паналап тұру да рақат. Шыршаның панасы жанға жайлы, құп-құрғақ. (52 сөз)


Грамматикалық тапсырмалар

1 нұсқа


1.Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

Алғашқы ауыр тамшылар да сіркіреді.



2.Берілген мәтіннен зат есімдерді теріп жаз.

3.Берілген сөздерден туынды сөздер құрастыр.

Айла, жұмыс, бал.

2 нұсқа

1.Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

Өзеннің арғы жағынан үлкен қара бұлт көтерілді



2.Берілген мәтіннен зат есімдерді теріп жаз.

3.Берілген сөздерден туынды сөздер құрастыр.

Тап, сын, бала.



Диктант №8

Боран.

Айнала тып-тыныш. Жер бетiн тегiс ақ қар басқан. Асқар мен Елдос жалғыз аяқ жолға түсiп, сабаққа келе жатыр. Жылтылдаған ақша қар көз аштырмайды.

Екеуi бiрiн-бiрi қуалап, қар лақтырысып келедi. Кенет долы боран басталды. Екеуi мектепке қарай жүгiре жөнелдi. Сол кезде жаңғырыққан дауыс естiлдi. Балалар дауыс шыққан жаққа қарай жүгiрдi. Бұл жаурап жылап отырған Мұрат екен. Балалар оны үйiне әкелдi.

(59 сөз.)



Грамматикалық тапсырмалар

1 нұсқа

1.Жалқы есімдерді теріп жаз.

2.Мәтіннен күрделі етістіктерді теріп жаз.

3.Берілген сөзге қарама-қарсы сөздерді теріп жаз.

Жүгірді, қуанды, шықты.

2 нұсқа

1.Жалқы есімдерді теріп жаз.



2.Мәтіннен дара етістіктерді теріп жаз.

3.Берілген сөзге жуық сөздерді теріп жаз.

Жалғыз, сұлу, ренжу .

Диктант № 9

Бақтағы қоңыраугүл

Баққа ерте келген кішкентай Үмбет қоңыраугүлді көрді.Бала гүлге қарап ұзақ тұрды. Ол гүлді жұлмақ боп қолын созды да,кенет тоқтап қалды.Сонда бақ қайтпек? Ол алақанымен гүлді жауып еді,бақтың іші бірден түнере қалды, жасыл жапырақтарға көлеңке түсті, құстар да әнін тыя қойды. Үмбет алақанын ашып,гүлді босатып еді,жапырақтардың өңі кіріп,ойнақшып кетті. Құстардың да әні естіле бастады.Балапандардың шиқылдағаны естілді.Үмбет гүлді жұлмады. (63 сөз)



Грамматикалық тапсырмалар

1 нұсқа


1.Берілген мәтінен сын есімдерді теріп жаз.

2.Төрт реттік сан есім жаз.

3.Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

Бала гүлге қарап ұзақ тұрды.


2 нұсқа


1.Берілген мәтінен сын есімдерді теріп жаз.

2.Төрт есептік сан есім жаз.

3.Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

Құстардың да әні естіле бастады.



Мазмұндама № 1

Алтын адам

Астанада археология мұражайы бар.Онда жас ханзада – сақ жауынгерінің бастан-аяқ алтын мен әдептелген киімі қойылған.Оның дулығасы мен кіреуге сауытына зергер бабамыздың бірі адамдардың, аңдардың, құстардың, ағаштардың, таулардың суретін бейнелеп, алтын табақшалармен әшекейлеген. Осы жауынгер киімін әшекейлеген алтындар Есік қорғанында екі мың жылдан астам уақыт жатса да, күні бүгінге дейін сақталған. (50 сөз)

Сөздік: дулыға- бас киім,

Кіреуге сауыт- сырттан киетін сауыт.

Жоспары: 1.Ханзада киімі

2.Дулыға мен кіреуге сауыт әшекейі.

3.Жауынгер киімінің екі мың сақталуы.

Мазмұндама № 2

Қажымұқан

Қажымұқанды бір күні ат жеккен арбамен отын әкелуге жібереді.Бір ат тиелген отынды тарта алмай мертігіп қалады.Сонда далада қалғысы келмеген Қажымұқан мертіккен атты отынның үстіне арбаға салып, қамытты өзі мойнына іліп, бір жағынан арбаны сүйреп әкеліпті. Осыдан бастап қайраты мол, баланы күші барлық елге таралыпты. (50 сөз)

Жоспар:

1.Қажымұқаның отынға баруы



2.Аттың мертігуі

3.Қажымұқанның айласы

4.Қажымұқанның алып күшінің елге таралуы.

Мазмұндама №3

Қайта- қайта

Фарабидің жастау кезі болса керек. Бір күні жолаушылап бара жатқан жолдасы:

- Менің кітаптарымды сақтап қой, қайтып келгенде алармын, - деп бір бума кітапты қолына ұстатады. Әбу-Насыр оны үйіне апарып қояды.Қолы босаған бір сәтте Әбу-Насыр әлгі кітаптарды оқи бастайды.Кітап сөздерін ұнатып қалады да, аяғына дейін оқып шығады. Бірақ онша түсіне қоймайды.Қайта оқиды. Толық оқып алғанша, кітапты қайта-қайта оқи береді. (61 сөз)

Жоспар:


1.Фарабиге жолдасының кітап беруі

2.Табандылығының арқасындағы оның нәтижесі.

Мазмұндама №4

Ақбас ат.

Ақтайлақ бидің аяңшыл, бөкен желісті, тақымына толық, «Ақжолтай» атақты Ақбас деген аты болыпты.Ақтайлақ би де, Ақбас ат та қартайған кезі. Бірде ауыл көшкенде ат ұстап мінгеннен кейін жылқыны өргізерде отыз екі жастағы Ақбас ат орнынан тұра алмай қалыпты.Сонда Ақтайлақ би:

- Жылқыны байыздатып қойыңдар, бірнеше адам айғайлап ұран салып өтіңдер, сүйегінде нәрі болса, түрегеліп, жылқыға ілесер депті.

Жылқыны жанап, ұран салып өткенде ат сол мезетте түрегеліп, кісінеп, жүріп кеткен екен. (70 сөз)

Сөздік: байыздатып – жылқыны бөгеу

Жоспар:

1.Ақтайлақ би мен Ақбас ат



2.Ақтайлақ бидің сөзі

3.Ақбас аттың жүріп кетуі



Шығарма №1

Тақырыбы: «Менің досым»

Мақсаты: Оқушы өз ойын жүйелей отырып, қоршаған ортасына зерттеу жасайды, ой тұжырымдарын жазбаша жазуға дағдыланады.

Міндеттері: 1.Тақырыпты ашуда сөздерді дұрыс қолдануы мен сөйлемдердің үйлесімді болуына бағыт-бағдар жасау;

2. Тақырып мазмұнын ашуда мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, өлең жолдарынан үзінділерді дәл тауып, орынды қолдана білуге баулу.



Жоспар:

1.Менің досымның жағымды қасиеттері.

2. Адал дос.

3. Дос арасындағы сыйластық.



Шығарма №2

Тақырыбы: «Көктем кереметі»

Мақсаты: Оқушы өз ойын жүйелей отырып, қоршаған ортасына зерттеу жасайды, ой тұжырымдарын жазбаша жазуға дағдыланады.

Міндеттері: 1.Тақырыпты ашуда сөздерді дұрыс қолдануы мен сөйлемдердің үйлесімді болуына бағыт-бағдар жасау;

2.Тақырып мазмұнын ашуда мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, өлең жолдарынан үзінділерді дәл тауып, орынды қолдана білуге баулу.



Жоспар:

1. Көктемгі табиғат

2. Көктем мезгілінің өзіндік ерекшеліктері

3. Көктем жайында айтылған мақал-мәтелдерді,жазылған өлеңдерді,әндерді.

4. Көктемгі мерекелер.

Шығарма №3

Тақырыбы: «Менің қалам »

Мақсаты: Оқушы өз ойын жүйелей отырып, қоршаған ортасына зерттеу жасайды, ой тұжырымдарын жазбаша жазуға дағдыланады.

Міндеттері:1.Тақырыпты ашуда сөздерді дұрыс қолдануы мен сөйлемдердің үйлесімді болуына бағыт-бағдар жасау;

2. Тақырып мазмұнын ашуда мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, өлең жолдарынан үзінділерді дәл тауып, орынды қолдана білуге баулу.



Жоспар:

1. Менің қалам .

2. Қала кереметі.

3. Қаланың мәдени ғимараттары

4.Мен қаламды мақтан тұтамын (дәлелде)

І Тест Ана тілі 3 - класс


1. Қазақстан туындағы еркіндіктің, тәуелсіздіктің, бостандықтың, жомарттық пен қырағылықтың нышаны - ...
А)Күн
Ә) Өрнек
Б) Қыран
В) Жұлдыз
2. Елтаңбадағы « Отан от басынан басталады» деген киелі ұғым не арқылы бейнеленген?
А)Тұлпар
Ә) Шаңырақ
Б) Жұлдыз
В) Күн
3. Қазақстан Республикасының Әнұранының әнін жазған кім?
А)Ш. Қалдаяқов
Ә) Ж. Нәжімеденов
Б) Н. Назарбаев
В) М. Әлімбаев
4. Тәуелсіз елдің балаларын еңбекке, адалдыққа шақыратын мәтінді ата
А) Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
Ә) С. Мәуленов « Мен елімді сүйемін»
Б) С. Сейфуллин « Туған ел»
В)Д. Әбілев «Туған тілім»
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны мен Ш. Құдайбердіұлының «Бостандық таңы атты» мәтіндерінде қайталанатын сөзді тап.
А)Бірлік
Ә) Қазағым
Б) Еркіндік
В) Елім
6. Д. Әбілевтің «Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!» - деп келетін өлең шумағы қалай аяқталатынын тап.
А) Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Ә) Туған тілім - далам тілі - өз тілім!
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!
Б) Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып –ақ алыңдар.
7. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» деген жол кімнің шығармасынан алынған?
А) С. Сейфуллин « Туған ел»
Ә) Ә. Кекілбай « Ауыл таңы»
Б) С. Мәуленов « Мен елімді сүйемін»
В) Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
8. Қай өлеңде туған жерді анаға теңейді?
А) М. Мақатаев « Үш бақытым»
Ә) С. Сейфуллин « Туған ел»
Б) Д. Әбілев «Туған тілім»
В) Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»

9. М. Мақатаев «Үш бақытым» деп отырғаны - ...


А) Білім, өнер, ғылым
Ә) Бейбітшілік, ынтымақ, бірлік
Б) Отан, халық, тіл
В) Әке, ана, бала.
10. Туған тіл туралы жырлаған ақынды ата.
А)Т. Айбергенов
Ә) Д. Әбілев
Б) М. Жұмабаев
В) М. Мақатаев

ІІ Тест Ана тілі 3 - класс


1. Мәтіннің тақырыбы дегеніміз - ...
А)Мәтіннің атауы
Ә) Автордың не айтқысы келетіні
Б) Мәтіндегі оқиға желісі
В)Мәтіндегі кейіпкерлер сөзі
2. Бөлімде берілген шығармаларға ортақ тақырыпты ата.
А) Оқушы, мұғалім
Ә) Мектеп, кітап
Б) Білім, оқу
В) Оқу, ойын
3. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой:
«...- өшпес жарық, кетпес байлық».
А)Байлық
Ә) Мектеп, кітап
Б) Даналық
В) Өнер
4. А. Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңіндегі Іздеп тауып алайық тіркесінің мағынасы қандай?
А) Үйрену, оқу
Ә) Жоғалған нәрсені табу
Б) Жоқты іздеу
В) Біреуді іздеу
5. «Бүгіннен бастап, Мағжан, сен де менің шәкіртімсің» деген кім?
А) Ахметден
Ә) Мүсілім
Б) Бекен
В) Гүлім
6. М. Гумеровтің «Күмән» әңгімесі бойынша: «Сонымен, сынып терезесін сындырған кім?»
А) Рақила
Ә) Кезекші
Б) Боранбай
В) Дәуіт
7. Ұршық, өрмек, кітап. Бұлар қай мәтінде айтылған?
А) Б. Ысқақов. Кім жүйрік?
Ә) А. Құнанбаев. Адам болам десеңіз
Б) Р. Мырза Әли. Мұғалима
В) Р. Босилек. Жақсылардың жақсысы

8. «Талаптан да, білім мен өнер үйрен» деп өсиет қалдырған кім?


А) Абай
Ә) Шәкәрім
Б) Ахмет
В) Ыбырай
9. «Мұздай болат киінген,
Батпан қару үйірген» деген жолдарда кім суреттелген?
А) Батыр
Ә) Жауынгер
Б) Бала
В) Ұшқыш
10. «Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін» деген кімнің сөзі?
А) Шоқанның
Ә) Абайдың
Б) Шәкәрімнің
В) Ыбырайдың

ІІІ Тест Ана тілі 3 - класс


1. Т. Жароковтың «Кемедей кешіп комбайн
Алтын дария егінді,
Сүзіп жүр маржан бидайын
Күзіміз неткен көңілді!» - деген өлең жолдарында күздің қай кезі суреттелген?
А) Күздің басы
Ә) Күздің ортасы
Б) Күздің соңы
В) Күздің табиғаты
2. Т. Жароковтың «Ауыл күзі»өлеңін есіңе түсір Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой:
Алма піскен...
А) Уылжып
Ә)Қызарып
Б)Албырап
В)Балбырап
3. Бөлімдегі оқиғасы «Ас атасы - нан» деген мақалға құрылған мәтінді ата.
А) І. Жансүгіров. Малта
Ә) Ә. Табылдиев. Күздің кереметі
Б) И. Бази. Жеміс бағында
В) Егінші мен қасқыр
4. Сары кілем төселген жер. Тиін. Борсық. Қоян. Қай шығармадан алынған?
А) Ә. Табылдиев. күздің кереметі
Ә) Е. Салықов. Күзгі орманның көріністері
Б) И. Бази. Жеміс бағында
В) Т. Жароков. Ауыл күзі
5. «Екі құлағы тас төбесінде. Ұзын қылшықты көкке көтерілген құйрығы әдемі, ұшы сәл ғана төмен иілген» деген жолдарда не сипатталған?
А) Қоян
Ә) Тиін
Б) Мысық
В) Түлкі

6. «Күн жаңа көтеріліп келе жатқан кез. Шөптегі шық тамшылары моншақтай мөлдіреп, жылт-жылт етеді». Бұл мәтіннің қай түріне жатады?


А) Пайымдау
Ә) Хабарлау
Б) Сипаттау
В) Түсіндіру
7. «Борсық - қысқы ұйқыға кеш жататын аң. Ол күздің ақырғы күндерінде де інінен шығып, күнге жылынып жүреді». Бұл мәтіннің қай түріне жатады.
А) Пайымдау
Ә) Хабарлау
Б) Сипаттау
В) Түсіндіру
8. Абай аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын жазған кім?
А) И. Крылов
Ә) И. Бази
Б) В. Сухомлинский
В) Р. Василек
9. И. Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын есіңе түсір.
«Қарағым, жылыт, тамақ бер» деген ненің сөзі.
А) Құмырсқаның
Ә) Шегірткенің
Б) Баланың
В) Қыздың
10. Бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын қалай аталады.
А) Өре
Ә) Күрке
Б) Қора
В) Сөре

ІV Тест Ана тілі 3 - класс


1. Қазақстан туындағы еркіндік пен, тәуелсіздіктің, бостандықтың, жомарттық пен қырағылықтың нышаны - ...
А) Күн
Ә) Өрнек
Б) Қыран
В) Жұлдыз
2. Елтаңбадағы «Отан от басынан басталады» деген киелі ұғым не арқылы бейнеленген?
А) Тұлпар
Ә) Шаңырақ
Б) Жұлдыз
В) Күн
3. Қазақстан Республикасы Әнұранының әнін жазған кім?
А) Ш. Қалдаяқов
Ә) Ж. Нәжімеденов
Б) Н. Назарбаев
В) М. Әлімбаев
4. Тәуелсіз елдің балаларын еңбекке, адалдыққа шақыратын мәтінді ата.
А) Ш. Құдайберді ұлы. Бостандық таңы атты
Ә) С. Мәуленов. Мен елімді сүйемін
Б) С. Сейфуллин. Туған ел
В) Д. Әбілев. Туған тілім
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны мен Ш. Құдайбердіұлының «Бостандық таңы атты» мәтіндерінде қайталанатын сөзді тап.
А) Бірлік
Ә) Қазағым
Б) Еркіндік
В) Елім
6. Д. Әбілевтің «Туған тілім –бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!» - деп келетін өлең шумағы қалай аяқталатынын тап.
А) Туған тілде сыры терең жаны бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Ә) Туған тілім - далам тілі - өз тілім!
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!
Б) Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
7. «Туған жерсіз адамның күні жоқ»деген жол кімнің шығармасынан алынған?
А) С. Сейфуллин. Туған ел
Ә) Ә. Кекілбай Ауыл таңы
Б) С. Мәуленов Мен елімді сүйемін.
В) Ш. Құдайберді ұлы. Бостандық таңы атты
8. Қай өлеңде туған жерді анаға теңейді?
А) М. Мақатаев . Үш бақытым
Ә) С. Сейфуллин. Туған ел
Б) Д. Әбілев. Туған тілім
В) Ш. Құдайберді ұлы. Бостандық таңы атты
9. М. Мақатаевтың « Үш бақытым» деп отырғаны - ...
А) Білім, өнер, ғылым.
Ә) Бейбітшілік, ынтымақ, бірлік.
Б) Отан, халық, тіл.
В) Әке, ана, бала
10. Туған тіл туралы жырлаған ақынды ата.
А) Т. Айбергенов Ә) Д. Әбілев
Б) М. Жұмабаев В)М. Мақатаев

V Тест Ана тілі 3 - класс


1. Абайдың
А) Күн
Ә) Өрнек
Б) Қыран
В) Жұлдыз
2. Елтаңбадағы «Отан от басынан басталады» деген киелі ұғым не арқылы бейнеленген?
А)Тұлпар
Ә)Шаңырақ
Б)Жұлдыз
В)Күн
3. Қазақстан Республикасы Әнұранының әнін жазған кім?
А)Ш. Қалдаяқов
Ә)Ж. Нәжімеденов
Б)Н. Назарбаев
В)М. Әлімбаев
4. Тәуелсіз елдің балаларын еңбекке, адалдыққа шақыратын мәтінді ата.
А) Ш. Құдайберді ұлы. Бостандық таңы атты
Ә) С. Мәуленов. Мен елімді сүйемін
Б) С. Сейфуллин. Туған ел
В) Д. Әбілев. Туған тілім
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны мен Ш. Құдайбердіұлының «Бостандық таңы атты» мәтіндерінде қайталанатын сөзді тап.
А) Бірлік
Ә) Қазағым
Б) Еркіндік
В)Елім
6. Д. Әбілевтің «Туған тілім –бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім! » деп келетін өлең шумағы қалай аяқталатынын тап.
А)Туған тілде сыры терең жаны бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Ә)Туған тілім - далам тілі - өз тілім!
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!
Б)Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
7. «Туған жерсіз адамның күні жоқ»деген жол кімнің шығармасынан алынған?
А) С. Сейфулин. Туған ел
Ә) Ә. Кекілбай Ауыл таңы
Б) С. Мәуленов Мен елімді сүйемін.
В) Ш. Құдайберді ұлы. Бостандық таңы атты
8. Қай өлеңде туған жерді анаға теңейді?
А)М. Мақатаев. Үш бақытым
Ә) С. Сейфулин. Туған ел
Б) Д. Әбілев. Туған тілім
В) Ш. Құдайберді ұлы. Бостандық таңы атты
9. М. Мақатаевтың « Үш бақытым» деп отырғаны - ...
А) Білім, өнер, ғылым.
Ә) Бейбітшілік, ынтымақ, бірлік.
Б)Отан, халық, тіл.
В)Әке, ана, бала
10. Туған тіл туралы жырлаған ақынды ата.
А)Т. Айбергенов Ә) Д. Әбілев
Б) М. Жұмабаев В)М. Мақатаев

I. ТҮСІНІК ХАТ

Жалпыға міндетті орта жалпы білім беру стандартына сәйкес «Математика» оқу пәні өзінің дербестігін сақтай отырып, «Математика» білім беру саласының мазмұнына енеді.

Математика – мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра, геометрия элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.

Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады.

Бастауыш мектеп математикасы негізгі орта мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады. Бұл бастауыш мектепте математиканы оқытудың төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.



Мақсаты::

  • мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игерту;

  • «Математика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мөдени мүраларымен үндестіру арқылы баланы түлға ретінде қалыптастыру;

  • оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;

  • мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.

Міндеттері:

  • баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;

  • математиканың өмірде болып жатқан нақты қүбылыстарды жалпылауға жөне қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;

  • оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

Оқу бағдарламасы оқу материалының мазмұнын және пәннің құрылымын іріктеудің төмендегідей негізгі ұстанымдарына сүйенеді: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішіндік және пәнаралық интеграция, қолжетерлік, оқушылардың дара жетістіктері мен шығармашылығын ескеру.

Ғылымилық ұстанымы кіші жастағы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауды көздейді.

Үздіксіздік ұстанымы мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі мектеп («Математика» 5-6 сыныптар) математикасы курсындағы барлық мазмұндық-әдістемелік желілердің ретімен дамуын қамтамасыз етеді, оқытудың әдіснамасы, мазмұны, әдістемесі мен технологиясы деңгейінде оқытудың барлық сатылары арасындағы сабақтастықты білдіреді.

Іс-әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен амал-тәсілдерін саналы әрі берік игеруге арналған негізді қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді «ашуға», өзін-өзі бағалау мен өз әрекетін бақылауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Пәнішілік интеграция ұстанымы математикалық білім беру мазмұнын құрайтын сан және өрнек, теңдеулер мен теңсіздіктер, функциялар, геометриялық фигуралар және геометриялық шамаларды өлшеу, ықтималдық теориясы мен статистика элементтері деп аталатын мазмұндық желілер арасындағы табиғи бірлікті қамтамасыз етеді. Пәнаралық интеграция әлемнің біртұтас бейнесін оқушыларда қалыптастыруға мүмкіндік береді, олардың әр түрлі оқу пәндердің өзара байланысын саналы түрде түсiнулерiне көмектеседі. Осы ұстанымның маңызды компоненті қарым-қатынас жасаудың ерекше құралы ретіндегі математикалық тілге үйрету болып табылады.

Қолжетерлік ұстанымы баланың жас ерекшелігін ескеруді және психологиялық жағдай туғызуды, жетістікке жетуді, тілектес болуды көздейді, бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында оқушының жеке білім беру траекториясы бойынша өз қозғалыс бағытын сезінуіне көмек береді.

Оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру ұстанымы қиындық деңгейі әр түрлі тапсырмаларды, оқытудың тұлғалық-маңызды мотивтерін қалыптастыратын өздік, зерттеу және жобалық жұмыстарды қолдануды көздейді, тиімді оқыту технологияларын және оларды бейімдеу деңгейін іріктеуге, әр түрлі іс-әрекетті (жасау, түрлендіру, алгоритмдік және шығармашылық) ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруды, жаңа амал-тәсілдерді «ашуды», практикалық бағыттағы тапсырмаларды орындауды көздейді.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті

білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына

сәйкес 1-4 сыныптардағы «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

3 сынып - аптасына 5 сағат, барлығы 170сағат.



«Математика» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Бастауыш сыныптардағы математиканың вариативті мектептік компоненті пәнді тереңдете оқытуға бағытталған. Пәнді тереңдете оқыту математиканың бастауыш курсының негізгі математикалық мазмұнын кеңейту арқылы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: стандартты емес және қызықты есептерді, қиындығы жоғары есептерді шешу; тиімді есептеу тәсілдері; сандардың бөлінгіштігі; ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың элементтері және т.б.

Вариативті оқушылық компоненті стандарт деңгейінде бағдарлама мазмұнын меңгеру барысын түзетуді көздейді.

Бақылау 3-класс


І нұсқа

1. Есепте


2 х3 =
7х 2 =
4:2=
1 8=
501-492=
792+120=
2. Есепті шығар.
Әселдің үйі 65 кг картоп жинады. 2 қапқа 10 кг салды. Салынбаған неше килограмм картоп қалды?
3. Салыстыр
6сағ * 50 мин
10 тәу. * 8сағ
4. Кесінді сыз.
Ұзындығы 5см, 4см, 3см үшбұрыш сыз, периметрін тап.
5. Теңдеуді шеш.
5 х=0
8:х=2
9:х=1

Бақылау 3-класс


І нұсқа
1. Есепте
4: 2 =
8:8=
826-229=
7х0 =
16: 1=
627+373 =
2. Есепті шығар.
Жанарға анасы 17 гүл берді. 12 гүлді 4 вазаға тең бөліп салды. Жанарда салынбаған неше гүл қалды?
3. Салыстыр
9 кг * 50 г
120 мин * 2сағ
1+7 * 7х1
6+3 *6: 1
4. Кесінді сыз.
Ұзындығы 3см шаршы, периметрін тап.
5. Теңдеуді шеш.
10 х=0
6 : х=2
7 : х=1

Бақылау 3-класс


І нұсқа
1. Есепте
4 х2=
7х3 =
16:2=
28:3=
589 - 192=
292+120=

2. Есепті шығар.


24 метр матадан бірдей 6 перде тігілді. Әр пердеге неше метр мата кетті?
3. Салыстыр
3х6+3 *
2х7+2*
3х3-3
7х2+7
15:3 * 3х5
12:3 * 2х2
4. Кесінді сыз.
Ұзындығы 6см, ені 2см тік төртбұрыш сал. Тік төртбұрыштың үштен бір бөлігін боя.
5. Теңдеуді шеш.
а 4 =32
28:х=4
9:х=3

Бақылау 3-класс


ІІ нұсқа
1. Есепте
24 : 4 =
8х4=
931 – 89 =
10 : 2=
6 х 3=
713+198 =
2. Есепті шығар.
Анар дүкеннен әрқайсысы 9 метрден 4 түрлі мата сатып алды. Анар неше барлығы неше метр мата сатып алды?
3. Салыстыр
6х3 * 2х9
21:3 * 2х3
3х3+9 * 4х4+4
2х6-3 * 2х3+6
4. Кесінді сыз.
Ұзындығы 4см шаршы сыз. Шаршының төрттен бір бөлігін боя .
5. Теңдеуді шеш.
с:6=4
5 х=20
27 : х=3
Бақылау 3-класс
І нұсқа
1. Есепте
6*5
7*3
(78-70)*6
35:7*8
29+5*9
(100-64):4
2. Есепті шығар.
Сымбаттың 36 теңгесі бар еді. Ол әрқайсысы 8 теңге тұратын 4 дәптер сатып алды. Сымбаттың қанша ақшасы қалды?
3. Қалдықпен бөлуді орында және тексер
23: 5=
27:5=
32:5=
4. Кесінді сыз.
Ұзындығы 20см жолақшаның бестен бір бөлігі неше сантиметр?
5. Теңдеуді шеш.
8* с =40
180 :х=9
с: 8 =2

Бақылау 3-класс


ІІ нұсқа
1. Есепте

4*6
7*8


6*7+58
54-9*6
(100-76):4
7*9-38
2. Есепті шығар.
Тілек әрқайсысы 6 теңге тұратын 5 дәптер және 8 теңгеге қалам сатып алды. Тілек барлығы неше теңге ақша жұмсады?
3. Қалдықпен бөлуді орында және тексер.
21:4
27:4
33:4
4. Кесінді сыз.
Төрттен бір бөлігінің ұзындығы 8см болатын жіптің жалпы ұзындығы неше сантиметр.
5. Теңдеуді шеш.
х:7=9
35: х=7
28 : х=3

Бақылау 3-класс


І нұсқа
1. Есепте
4*6 +3
63: 9
204+672
5*9- 7
32:8
750-548
2. Есепті шығар.
Кітапта 36 бет бар, Сәния оны әр күнде 5 беттен 6 күн оқыды. Сәния тағы неше бет оқуы керек ?
3. Қалдықпен бөлуді орында және тексер
52:8
25:4
47:7
17:3
4. Ұзындығы 7см, ені 3см тіктөртбұрыштың ауданын тап.
5. Теңдеуді шеш.
х-23 = 203
45: х= 90
Бақылау 3-класс
ІІ нұсқа
1. Есепте
5*8+1
10:2-4
36:6
81:9
234-127
652+308
2. Есепті шығар.
Дүкенге әкелінген бірдей 3 жәшік жидектің массасы 24 кг. 1жәшік жидектің массасы қандай?
3. Қалдықпен бөлуді орында және тексер
73:8
21:5
30:4
26:5
4. Ұзындығы 8см, ені 5см тіктөртбұрыштың ауданын тап
5. Теңдеуді шеш
х+15 = 28
a: 5= 450
Бақылау 3-класс
ІІ нұсқа
1. Есепте
24 : 4 =
10 : 2=
528 4=
639 3=
323 3 - 640 =
400:2:5+314=
2. Есепті шығар.
10 қара көжекке 3 сәбізден, ал 10ақ көжекке 5 сәбізден берілді . Ақ және қара көжектерге барлығы неше сәбіз берілді?
3. Салыстыр
50 3 * 51 3
30дм 2см * 302см
(90+6):3 * 90:3+6 2
3сағ 15 мин * 180мин
4. Кесінді сыз.
Ұзындығы 4см шаршы сыз. Ауданын тап.
5. Теңдеуді шеш.
12 х=148-28
54: х=9
х 7=14

Бақылау 3-класс


І нұсқа
1. Есепте
12 5=
36 3 =
126: 2 =
207 3=
654-(256-25 5)=
418- (170+90:30)=
2. Есепті шығар.
Кітапта екі әңгіме бар. Бірінші 12 бетке, ал екіншісі одан 3 есе көп бетке жазылған. Екінші әңгіме бірінші әңгімеден неше бетке артық жазылған ?
3. Салыстыр
640:8 * 560:8
1сағ 10 мин* 80 мин
31 3 * 32 3
2м 3дм * 203см
4. Кесінді сыз.
Ұзындығы 6см, ені 2см тік төртбұрыш сал. Тік төртбұрыштың ауданын, периметрін тап.
5. Теңдеуді шеш.
х 6 =54+6
х: 400= 20:10
10:х=1

Бақылау 3-класс


ІІ нұсқа
1. Есепте
24 : 4 =
10 : 2=
528 4=
639 3=
323 3 - 640 =
400:2:5+314=
2. Есепті шығар.
10 қара көжекке 3 сәбізден, ал 10ақ көжекке 5 сәбізден берілді. Ақ және қара көжектерге барлығы неше сәбіз берілді?
3. Салыстыр
50 3 * 51 3
30дм 2см * 302см
(90+6):3 * 90:3+6 2
3сағ 15 мин * 180мин
4. Кесінді сыз.
Ұзындығы 4см шаршы сыз. Ауданын тап.
5. Теңдеуді шеш.
12 х=148-28
54: х=9
х 7=14

СЫНЫПТАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙIНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. сынып оқушысы:

  • көбейтудің қасиеттерін (ауыстырымдьшық терімдігіқ үлестірімділік);

  • көбейту мен бөлуге байланысты белгшер мен терминдерді;

  • бip таңбалы сандарды көбейту кестесін;

  • шамалардың атауларын (аудан және көлем) және олар­дың өлшем бірліктерін (квадрат сантиметр, куб сантиметр);

  • жақшалы және жақшасыз санды өрнектерде арифме­тикалық амалдардың орыңдалуының реттеуді;

  • жақшалы және жақшасыз өрнектердегі арифметикалық амалдардың орындалу ретін;

  • қарапайым тевдеулерлерді "сынап көру" әдісімен шешу тәсілін;

  • қарапайым теңдеулерді тура теңдіктердің, өзара кepi амалдардың қасиеттеріне сүйеніп шешу тәсілін;

  • тік төртбұрыштың (шаршының) қасиеттерін;

  • геометриялық шамалардың (периметр, аудан және көлем) атаулары мен өлшем бірлікгерін;

  • тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі мен ауданын табудың ережелерін білyi тиіс.

  • сандарды және шамаларды салыстыра алуы;

  • көбейту кестесін пайдаланып бөлуді ауызша орындай алуы;

  • бірдің және нөлдіің қасиеттерін пайдаланып, ауызша есептеулер жүргізе алуы;

  • бip таңбалы сандардың және 10 санының квадраттары мен кубтарын ауызша есептей алуы;

  • екі таңбалы сандарды бip таңбалы санға ауызша көбейтумен бөле алуы;

  • кестелік жағдайларға келтірінетін сандарды ауызша көбейте және бөле алуы;

  • екі таңбалы сандарды екі таңбалы санға "сынап көру" тәсілімен ауызша бөле алуы;

  • сондай-ақ:

  • екі таңбалы сандарды бip таңбалы санға қалдықпен бөлуді;

  • үштаңбалы сандарды бip таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлуді;

  • 2- 3 амалдан тұратын жақшалы және жақшасыз санды өрнектерді құруды, оқуды және жазуды;

  • көбейтудің дұрыстьнын бөлумен, бөлудің дұрыстығын көбейтумен тексеруді орындауды;

  • 2- 3 амалдан тұратын жақшалы және жақшасыз санды өрнектердің мәндерін табуды;

  • санның және шаманың үлесін еептеп табуды; әр алуан, яғни көбейту және бөлу амалдарының мәнмағынасын ашатын; белгісіз көбейткіштерді, бөлінгішті, бөлінішті табуды талап ететін жай есептердің "...есе артық", "...есе кем" қатынастарымен, еселік салыстырумен, маңызды шамалар арасындағы (заттың бағасы, мөлшері және кұнының; тік төртбұрыштың eнi, ұзындығы және ауданының, бip заттың массасы, заттардың мөлшері және жалпы массасының) тәуелділіктерімен, үлес ұғымымен байланысты есептерді шығаруды; жай есептердің қандай да бip комбинациясы болып табылатын құрама есептерді (2-3 амалдан тұратын) шығаруды үйренуі;

  • құрамында бip ғана әріп болатын, жақшалы және жақшасыз әріпті өрнектерді (1-3 амалдан тұратын), санды тендіктер мен теңсіздіктерді құра алуы, оқи және жаза алуы;

  • құрамында бip ғана әріп болатын кез келген әріпті өрнектің (1-3 амалдан тұратын) мәнін таба алуы;

  • қарапайым теңдеулерді және амал компоненті немесе нетижесі санды өрнек болып келетін құрылысы күрделі теңдеулерді шеше алуы;

  • нүктені, кесіндіні, бұрышты, үшбұрышты, төртбұрышты, (соның ішінде тік төртбұрышты (шаршыны), бесбұрышты, алтыбұрышты, дөңгелекті, шеңберді, сәулені, түзуді, сынықты, қисықты) ажырата алуы;

  • тік төртбұрышты (шаршыны) сала алуы;

  • геометриялық фигураларды латын альфавиті әріптерімен белгілей алуы және сол белгілеулер бойынша оқи алуы;

    • тік тербұрыштың (шаршының) периметрін және ауданын есептей алуы тиіс.


Бақылау және өздік жұмысының нормасы


Тоқсан

Бақылау жұмысы

Өздік жұмысы

1

2

2

2

2

3

3

2

3

4

2

3

Барлығы

8

11



Математика пәні бойынша оқушылардың жазба жұмыстарын (бақылау, өзіндік жұмыстарын) бағалау критерийлері:

«5» - барлық құрастырылған тапсырмаларды дұрыс орындалған;

«4» - егерде құрастырылған тапсырмаларда 1-2 өрескел қателер немесе 3

өрескел емес қателер жіберілсе;

«3» - 5 –ке дейін өрескел қателер немесе 6 өрескел емес қателер болса;

«2» - 5-тен астам өрескел қате немесе 7-8 өрескел емес қателер жіберілсе.

Бақылау жұмыстарының көлемі 1 сыныптың екінші жартыжылдығында, 2 сыныптың бірінші жартыжылдығында 20 минутке негізделген, 2 сыныптың екінші жартыжылдығында 30 минут, 3-4 сыныптарда – 35-40 минут және осы берілген уақытта оқушылар тапсырмаларды орындауды, тексеруді үлгеру тиіс.

Бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда мынаны ескерген жөн:



  • бақылау жұмыстарына дайындықты барлық тақырыпты меңгеру кезеңінде жүргізу;

  • болатын бақылау жөнінде балаларға ескерту жасамау;

  • тексеру жұмыстарын сабақтар барысында 10-15 минуттан өткізу;

  • оқушы бақылау жұмысын таза орындамаса немесе грамматикалық қателер жіберсе бағалауда бағаны төмендетуге болмайды.

Математикалық диктантты бағалау критерийлері:

(құрамында 8-10 есептер)

«5» - барлық тапсырмалар дұрыс орындалғанда;

«4» - тапсырмалардың 1/5 бөлігі орындалмаса;

«3» - тапсырмалардың 1/4 бөлігі орындалмаса;

«2» - тапсырмалардың 1/2 бөлігі орындалмаса.



Өздік жұмысы тек екі есептен тұрған жағдайда бағалау:

«5» - екі сөз есеп дұрыс шығарылса;

«4» - екі есеп шығаруда 1 қате болса;

«3» - екі есеп шығаруда 2-3 қате жіберілсе;

«2» - екі есеп дұрыс шығарылмаса.

Математикадан жазба жұмыстарын бағалауда өрескел қате болып

есептеледі:


  • амалдарды орындауда есептеу дұрыс жасалмаса;

  • есепті дұрыс шығармаса;

  • қарапайым теңдеулер дұрыс шешілмесе;

  • амал компоненттері, жақшамен, жақшасыз амалдарды орындау тәртібі бұзылса;

Математикадан жазба жұмыстарын бағалауда өрескел қате болып

есептелмейді:

  • есептеуде рационалды емес әдістерін қолданса;

  • тапсырмаларды орындауда грамматикалық қателер болса;

  • есептеуде сандық немесе амал белгілерін дұрыс көшірмесе, бірақта есептерінің жауаптары дұрыс болса.

Тестік тапсырмаларды бағалау критерийлері:

Тест тапсырмаларын бағалауда жинаған ұпай сандары саналады.Оларды төрт баллдық шкала бойынша бағалауда мынадай кестеге сүйенеді:



100-95 % балл- «5», 94-75% - «4», 74-50 % - «3», 49 %- төмен – «2».


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет