Сабақтың тақырыбы Біздің кафе. Тасымал



бет1/6
Дата06.07.2018
өлшемі0,93 Mb.
#47516
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Бекітемін: М.Е.Жумагазиева

Пән: Сауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: №30 ЖОББМ

Тағам және сусын

Сынып: 1 «Г»

Мұғалімнің аты-жөні: Ш.С.Шаймарданова




Қатысқандар саны: 25

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Біздің кафе. Тасымал.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.3.9.2 мұғалім көмегімен сөздерді дұрыс тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату


Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар:Оқушылар жарнама ұғымымен таныс болады. Сөздерді тасымалдайды. Тасымалдауға болмайтын сөздерді ажыратады.

Көптеген оқушылар: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана

алады.


Жетістік критерийлері

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді.

Тасымалдауға болмайтын сөздерді ажыратады.

Сөздерді дұрыс тасымалдап жазады.



Тілдік мақсаттар

Жарнама – реклама – advertising

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу, адамгершілік, патриоттық сезім қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, музыка, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым

Бастапқы білім

Сөзді буынға бөліп тасымалдау керектігін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

1 минут


Психологиялық дайындық

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал ендеше бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге .

Үш тілде амандасу.




Сабақтың ортасы

40 минут


Сергіту сәті



Ширату

Диалог құру.

-Әли, біздің кафеге адамдар көп келу үшін не істеуіміз керек?

-Ол үшін біз өз кафемізді жарнамалауымыз қажет.

-Жарнама деген не?

-Жарнама таныстыру дегенді білдіреді. Мысалы, біз кафемізді жарнамалау үшін оның ерекше бір белгісін айтуымыз керек. Соған байланысты суретін салып, іліп қоюға да болады.

-Онда біз кафеміздің алдына бауырсақтың суретін іліп қояйық.

-Ия, Мерей, солай істейік. Ал сен бауырсақтың дастарқанға қалай келетінін білесің бе? Оны мына өлеңнен біле аламыз.

-Жақсы, балалар, ендеше оқулығымыздағы 1-жаттығуға қарамас бұрын жарнама сөзін үш тілде айтып көрейікші.

-Жарнама –реклама – advertising

Т/А Мәтінмен жұмыс.

1- жаттығу. «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңін аудиожазбадан тыңдау.



А / Жұптық жұмыс.

Өлең мазмұны бойынша бірі бауырсақ, бірі қуыршақ болып, бір-біріне сұрақ қояды.


-Балалар, мәтінде кездескен диқан, бауырсақ, бидай сөздері жазып келе жатқан жолға сыймаса, қалай жазасыңдар?

-Буынға бөліп тасымалдап жазамыз.

-Олай болса, жауабымызды ережемен салыстырайық.

О/ Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң, сызықша (дефис) қойылады.
А/О/Ж 2-жаттығу. Сөздерді тасымалдап жазу.

Би-дай; дас-тарқан, дастар-қан; ди-қандар, диқан-дар.

-Бидай сөзінде неше буын бар?

-Екі буын бар.

-Неше рет тасымалданды?

-Бір рет тасымалданды.

-Дастарқан сөзінде неше буын бар?

-Үш буын бар.

-Неше рет тасымалданды?

-Екі рет тасымалданды.

-Балалар, бұдан не байқадыңдар?

-Сөзде екі буын болса, бір рет, үш буын болса, екі рет тасымалданады.

-Ия, дұрыс айтасыңдар, балалар!
А/ 3-жаттығу.

-Мына сөздерді тасымалдауға бола ма?

Ай, күн, тай, бұлт, жент.

-Жоқ, тасымалданбайды.

-Неліктен тасымалданбайды?

-Өйткені, бір буынды сөздер тасымалданбайды.


Ж/ 4-жаттығу.

Үлгіге қарап, жарнама жазу.


-Жақсы, қазір бойымызды бір сергітіп алайық.

Қайырлы таң, көздерім!

Қайырлы таң, құлақтарым!

Қайырлы таң, қолдарым!

Қайырлы таң, көздерім!

Көз көреді,

Құлақ естиді,

Қол жазады,

Аяқ жүреді.

Ояндыңдар ма, балалар?



  • Ояндық!

  • Көз нешеу?

  • Құлақ нешеу?

  • Қол нешеу?

  • Аяқ нешеу?

  • Жұп па, тақ па?

Ендеше, жұп сөзін ауаға жазайық.

А/О/Ж Топтық жұмыс.

1-топ. Суреттерге мұқият қарап, тасымалдауға болмайтын сөздерді білдіретін суреттерді белгілеу.

2-топ. Дүкен, наубайшы сөздерін тасымалдап жазу.

3-топ. Берілген сөздерден буын саны мен тасымал санын анықтау. (Бота, нан, жаңбыр,

қол, домбыра)

Әр топ жұмыстарын қорғайды және бір-бірін бағалайды («Басбармақ» арқылы)

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс






Дәптермен жұмыс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет