6-модуль кеңесік қазақсанды қайа қҰру әрекеттері 1-Бөлім. Қазақстандағы қайта құру саясатының бағыттары мен кезеңдері


Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (12.01.1912 – 25.08.1993 жж.)



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата08.02.2022
өлшемі440,26 Kb.
#120874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
6 семинар жоспары

 
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (12.01.1912 – 25.08.1993 жж.) 
1960-62 және 1964-86 жж. Қазақстанды басқарды. Ол билік басында 
болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама қайшылықты болғанымен, 
елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін 
дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. 
1960 жылдың 
басында Н.С. 
Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз 
бөлігін қайта қайтарып алды. 1986 жылы Д.Қонаев Қазақстан басшылығынан 
босатылды. Орталықтың әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз 
қарсылықтарын 
білдіріп 
алаңға 
шықты. 
Бұл 
әйгілі Желтоқсан 
оқиғасына ұласты. Д.Қонаев республика басқарған ширек ғасырға жуық уақыт 
ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып
халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін 
көрсетті. 
Мұндай шұғыл шешім радио арқылы 16 желтоқсанда, сағат 15.00-де 
хабарланды

Сол күннің кешінде қалалық Ішкі істер басқармасы мен 
республика Мемлекет қауіпсіздігі комитетіне (МҚК) жергілікті халық өкілдері 
арасындағы Пленум шешіміне көңіл толмаушылық туралы хабарлар түсті. 
Қаладағы жағдай мазасыз деп бағаланды. Әсіресе, студент және жұмысшы 
жатақханаларында қызу талқылау жүріп жатты. Алайда сол кездің үрдісі 
бойынша, жоғарыдағылардың ұсынысын төмендегілердің қабылдамауы 
мүмкін емес-ті. Көп жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер 
қоғамдық-әлеуметтік және мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер, 
ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп, 
оларды күрес жолына түсуге еріксіз алып келді. 
Желтоқсанның 17-сі күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталып,
кейінірек ол республиканың басқа да қалаларына тарады. Г.В. Колбиннің
республиканың жоғары басшылығына тағайындалуы толқу үшін сылтау ғана 
еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет