https://www.youtube.com/watch?v=8P6cvRUn_II толық көруге болады.
Милиция бөлімдеріне әкелінген 2400 жастардың 2302 қазақ еді. Билеуші топ,
оларды ұлтшылдыққа ұрынған бұзақылар деп айыптап, қанға бөктірді. 1986
жылы 18 желтоқсанда Қазақ КСР прокурорының орынбасары А.Д. Мызников
бастаған тергеушілер тобы желтоқсан оқиғасына қатысушылардың үстінен
қылмыстық іс ашуға қаулы шығарды.
Әсіресе, 1987 ж. 5 қаңтарда Қазақ КСР прокуратурасының қазақтың қайсар
ұлы Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлының үстінен қозғаған қылмыстық ісі
тергеу тобы жүргізген істердің ішіндегі ең жан-түршігерлік іс еді.
Қ.Рысқұлбековке: “1986 ж. 18 желтоқсанда сағат 11 мен 12 шамасында
Мир және Сатпаев көшелерінің қиылысында Л.И. Брежнев атындағы алаңды
қарауылдауға шығарылған милиция және халық жасақшыларына шабуыл
жасап, қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген халық жасақшысы С.А.
Савицкийді ұрып өлтірді”, – деп жалған айып тағылды. Осылайша жас
Қайратты әуре-сарсаңға салу басталды. Бұл шешім 4 тармақтан тұрып, тергеу
тобына А.А. Дубаев басшылық жасады және тергеу тобының құрамына 16
адам кірді. 21-ге жаңа толған Қайраттың қанша азапталсада желтоқсан
оқиғасына қатысқанын, қазақ жастарымен бірге бейбіт талап қойып алаңда
болғанын, бірақ С.А. Савицкийді өлтірмегенін дәлелдеумен болғандығын
көрсетеді. Бірақ қолына кісен салып, жетекке алған қызыл жағалы жендеттер
Қ.Рысқұлбековтың бұл жауабына сенбей, ақыры оны кісі өлтіруші қылмыскер,
ұлтшыл бұзақыға теңеп айтқандарына жетпей қоймады. Ақыры Қайраттың
денесі Семей қалалық Ішкі істер басқармасының СЕ 165-мекемесінің №21
камерасында өлі күйінде табылды.