жоғары жаза өлім жазасы атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері КОКП Бас
хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Гро-
мыконың атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жол-
дады. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға
бас бос-
тандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Рысқұлбеков Семей
түрмесіне жеткізіліп, 1988 ж. 21 мамырда құпия жағдайда қастандықтан көз
жұмды. Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз еге-
мендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 ж.
21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы» атағы
берілді.
Тағы бір қайғылы жағдай-алаңда басынан жарақаттанып, кейін қаза болған
Алматы Энергетика институтының студенті Е.Сыпатаевтың ісі.
Оның әке-
шешесі жоқ, туысқандары ғана бар. Бірақ олар Алматыға шақырылмаған. Қаза
туралы анықтаманы ауруханадан МҚК қызметкері алып,
милиция
қызметкерлерімен бірге мүрде салынған табытты туысқандары тұратын жерге
алып жүреді. Туысқандарына жігітті алаңда жаралы күйінде тауып
алғандарын, ауруханада өлгенін, өлтірген адамның белгісіз екенін, қазір бұл
іспен прокуратура айналысып жатқанын түсіндіреді. Прокуратура шынында
да іс
қозғады, бірақ ол Ерболдың өлімі туралы емес,
оқиғаларға қатысы
жөнінде еді, айыпталушының қазасына байланысты іс жабылады.
Достарыңызбен бөлісу: