Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет20/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

 
Халықтың рухани-мәдени мұраларымен тығыз байланыста дамып 
келгенін ескере отырып, ғалымдар атап кеткендей ғылыми педагогиканың 


өзекті бір саласы екендігі туралы қоғамдық пікірді барынша дамыта түсу керек 
деп санаймыз. 
Мектеп практикасында ұжымдық ұйымдар арқылы ұлттық тәрбие беру 
мәселелерін М.Қ.Құрсабаев қарастырған. Зерттеуші «Мектептегі оқушылар 
ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің пдагогикалық шарттары» 
диссертациясында оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы сараланып және 
оның ғылыми негіздері педагогикалық тұрғыдан зерделнуімен, бүгінгі күн 
талаптары мен жалпыадамзаттық рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес 
оқушылар ұйымын қайта құрудың шарттары айқындалуымен, «Атамекен» 
ұлттық тәрбие бағдарламасының ұсынылуымен, жаңа заманғы мектеп 
оқушыларының қоғамдық-демократиялық ұйымының қалыптасуының жаңа 
мүмкіндіктерін көрсетуімен, патриотизм идеясын жүзеге асыру мақсатында 
ұлттық мәдениет пен жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие 
жүйесінің моделі жасалуымен тәрбие ғылымы саласына өзіндік үлесін қосты 
[258]. 
Жоғарыда аталған ғылыми еңбектердi талдай және оған негiздей 
отырып, жоғары оқу орнында тәрбие беруде озық мәдениетпен кіріктіре іске 
асырудың жолдарын қарастыратын студенттер тәрбие шараларының жаңа 
моделі қажет деп санаймыз. Әлемдегі әр халықтың тәлiм-тәрбиелiк 
мұрасының түпнамасы – оның ұлттық құндылықтармен мыңғасырлық 
байланыстығының тұтастығында екенi анық. Халық педагогикасындағы 
ұрпақтың жан-жақты дамып-өсуiне, таным кеңiстiгiнiң ұлғаюына зор ықпал 
жасап келгенiн педагогика ғылымы жоққа шығармайды. 
Этнотәлiмдiк құндылықтардың тарихи сабақтастығының халық 
тұрмысындағы бейнесi – ұрпақ тәрбиесi жөнiндегi ата-бабаларымыздың 
эмпирикалық 
тәжiрибелерi. 
Демек, 
ұлттық 
тәлiм-тәрбие
ата-
бабаларымыздың көне дәуiрден бүгiнге дейiн жас ұрпақ өкiлдерiне 
жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық қасиеттер негiзiнде сапалы бiлiм 
және саналы тәрбие беру жөнiндегi тәжiрибелер жиынтығы деп анықтама 
беруiмiзге әкеледі. Бiздiң ойымызша ұлттық тәлiм-тәрбие дүниесiн 
қалыптастырушы екi 
заңдылық
бар деп есептеймiз. Бiрi – халықтың тәлiм-
тәрбие 
жетiстiктерiнiң 
жалпыадамзаттық 
ой-таным 
мен 
ұлттық 
психологиямен бірлігі мен тұтастығы, екiншiсi – аталған дүниелер синтезiнен 
туындаған әдiс-тәсiлдер жиынтығы болмақ. 
Ұлттық тәлiм-тәрбие мұраларының көне замандардан берi сан қилы 
белестерден өтiп бiрде әкімшілдік басқару жүйесінiң идеологиялық құралына 
айналып, бiрде прогрессивтiк-демократиялық рөл атқарып келе жатқанына 
қарамастан, оның бiлiмтану мен тәлiмтану жүйесiне арқау болып келе 
жатқаны шындық. 
Әлемдегi барша халықтың өкiлдерi - өз бойындағы барлық асыл 
қасиеттері мен құндылықтарын өскелең ұрпағының санасына сіңіруді ғұмыр 
бойына мақсат етіп келеді. Классикалық жазба әдебиет пен халықтық ауыз 


әдебиеті үлгілеріндегі тартымды кейіпкерлердің бойындағы ізгілік, махаббат, 
бақыт, өмір мен бостандық үшін күрес, әділдікті, шыншылдықты, адалдықты 
жақтау, елін, жерін сүю, еркіндік пен адам құқын қоғау, біріншіден әр ұлттың 
бойындағы бар асыл қасиет болып саналса; екіншіден ол барлық ұлттарға, 
бүкіл өркениетті адам баласына тән гуманистік қасиет. 
Әлемдік өркениет - ұлттық озық мәдениет үлгілерінің жиынтығынан 
қорланады. Олай болса, ұлттық әдебиет пен ұлт мәдениетінде марапатталатын 
озық үлгілі адами қасиеттердің әлемдік өркениетпен ұштасуы - ұлттық 
патриоттық (азаматтық) сезімдердің, бүкіл адамзат ұрпағын сүюге негізделген 
интернационализм идеясына ұласуы табиғи заңды құбылыс. 
Р.Қ.Дүйсенбінованың айтуынша, мектеп қашан да – бiлiм мен тәрбие 
тәжiрибелерiн жинақтаушы, сақтаушы, сынақтан өткiзушi, ендiрушi және 
таратушы педагогикалық торап болып келді деген пікіріне қосыламыз [48, 
112б.]. 
Сондықтан, 
қазақ 
халқының 
әлеуметтік, 
рухани-мәдени 
құндылықтарын сақтай отырып, жеткіншіктердің адамгершілік сапаларын, 
шығармашылығын қалыптастыруды қамтамасыз ету ұрпақ тәрбиесіндегі 
өзекті мәселе. 
Аталған еңбектерде оқу-тәрбие жұмыстарында жас ұрпаққа кешендi 
бiлiм мен тәлiм-тәрбие беруде қажетi мол ғылыми кеңестер мен әдiстемелiк 
нұсқаулар көрсетiлген. Ұлттық тәрбие мәселелерi, әсiресе қоғамдық ұйымдар
негiзiнде тәлiм-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, студенттердің өзiн-өзi 
басқару жүйесi мәселелеріне арналған еңбектердiң көпшілігінде жан-жақты 
қарастырылғаны байқалады. 
Сонымен, жоғарыда талданған зерттеулерге қорытынды жасай отырып, 
ұлттық тәрбие берудiң педагогикалық маңызы жөнiндегi мәселелері Қалиев С. 
[44], Наурызбай Ж.Ж. [81], Беркімбаева Ш.К. [83], Бөлеев Қ. [82], Ұзақбаева 
С.А. [80], Оразбекова К.А. [73], Қожахметова К.Ж. [51], Дүйсембiнова Р.Қ. 
[48], Шалғынбаева Қ.Қ. [54], Иманбаева С.Т. [53], Джанзакова Ш.И. [60], 
Хасанова Ж.С. [61] және басқа ғалымдар еңбектерiнде қарастырылғанын атап 
көрсетуге болады. Бұл еңбектерде ұлттық тәлiм-тәрбиенiң генезисi ғылыми-
методологиялық тұрғыда сарапталынып, оны білім ұйымдары тәжірибесіне 
ендiру қажеттiлiктерi ұсынылады. Аталған ғалымдардың жүргiзген 
зерттеулерінде Төлеубекова Р.К. [85], Иманбаева С.Т. [53], Шалғынбаева Қ.Қ. 
[54], Хасанова Ж.С. [61], Әбдiғаппарова У.М. [262], Әбiлдина С.Қ. [236], 
Өтемұратова Б.С., Аманжолова А.А. [260], Жетпiсбаева К.Б. [259], 
Ембергенова Ж., Бахтиярова Г.Р. [261], Қаплиева А.Қ., Қисымова А.Қ. [254], 
Егенисова А.Қ., Арзымбетова Ш.Ж., Садықова М.К. және басқа ғалымдардың 
еңбектерiнде ұлттық тәрбие мәселелерi жеке сала бойынша (экологиялық, 
эстетикалық, адамгершiлiк, еңбек, патриоттық, экономикалық т.б) зерделенiп, 
оны ұйымдастырудың жүйелi әдiстемелерi қарастырылған. 


Мектеп өмірінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан озық тәжiрибелердiң 
тиiмдiлiгiн ескерген ғалымдар педагогикалық еңбектерiнiң көп бөлігін тәрбие 
мәселелеріне арнауды жөн санады. Оның басты себебi, мектеп 
тәжірибесінде
оқушыларға жан-жақты тәрбие берудiң, осы уақытқа дейiн көптеген дәстүрлi 
әдiс-тәсiлдер жиынтығы жинақталғаны белгiлi. Оған сыныптан тыс, пән 
аралық байланыстар, сынып дәстүрi, мектеп пен ата-аналар байланыстары, 
мектептен тыс мекемелер, оқушыла
рдың
өзiн-өзi басқару және мектептегi 
қоғамдық жұмыстар негiзiнде сан-алуан тәлiм-тәрбие жұмыстарын 
ұйымдастыру формалары жатады.
Әрине, өмірде адамның іс-әрекетіне, рухани дүниесіне ықпал ететін 
білімдер сан алуан. Солардың ішінде елеулісі болып саналатын ұлттық тәрбие 
білімдері өмірге бірден келген жоқ Ол қажеттілікке сәйкес фольклордың, 
мәдениеттің, этнологияның, өнердің тәлім-тәрбие үрдісінде кірігуінен пайда 
болғаны ТМД және отандық ғалымдардың оған берілген түсініктемелерінен 
байқалады. 
Біз ұлттық тәрбие мәселесін зерттеуді философиялық, психологиялық, 
педагогикалық генезис негізінде қарастырып, оның прогрессивтік бағытта 
дамығанын көрсеттік. Атап айтқанда, Қазақстан өзінің он жыл ішінде тәуелсіз 
мемлекет болып қалыптасып және жаңа әлеуметтік экономикалық негізде 
дамып, ұлттық тәрбиенің мәні, мазмұны, түрлері және әдіс-тәсілдерінің 
өзгеруіне ықпал жасады, сөйтіп жаңа мыңжылдық басында ұлттық тәрбиенің 
негізіне мынадай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет