этностардың ауызша ескерткіштерін баспадан шығару, этникалық топтардың
тілдеріндегі мерзімді басылымдарды шығаруды жолға қою,
Қазақстан
этностарының тілдерінде радио және телехабарлар уақытын белгілеу т.б.
Бұл белгіленген іс-шаралардың барлығы мемлекетіміздің
ұлттық білім
және тәрбиедегі мемлекеттік тұтастыққа
жетуіне бағытталған. Олай болса,
өзіндік көзқарасын, ерік-жігерін, іс-әрекетін ұйымдастыра білетін қабілетті
тұлғаны тәрбиелеуді көздейтін ұлттық білім және тәрбие үрдісі жоғары мектеп
субъектісі
ретінде
студенттің
психологиялық
мүмкіндіктері
мен
ерекшеліктерін жан-жақты талдау жасау негізінде жүзеге
асырылатынын
ескеруіміз керек.
Студенттік ортаның әлеуметтік-психологиялық категория ретіндегі
проблемаларын
зерттеуде
Б.Г.Ананьевтің,
Н.В.Кузьминаның,
Е.И.Степанованың, сондай-ақ П.А.Просецкийдің, В.А.Якуниннің және т.б.
зерттеулерінде кең көлемде бақылау нәтижелері жинақталған, аталған
проблема бойынша жасалған тәжірибе қорытындылары мен теориялық
мәліметтер берілген. Бұл зерттеулердің қорытындылары студентті белгілі бір
әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық
позициясы
бар оқу әрекетінің ерекше субъектісі ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.
Студентті тұлға ретінде төмендегідей үш жағынан сипаттауға болады:
1. Психологиялық жағынан ол психологиялық үрдістің, жағдайдың және
тұлға қасиетінің бірлігін көрсетеді, яғни психологиялық қасиет (бағыт,
темперамент, мінез, қабілет) негізгі роль атқарады, себебі ол психологиялық
үрдістің өтуіне, психологиялық жағдайдың және пайымдаулардың пайда
болуына әсер етеді.Сондықтан жеке студентті зерттеу барысында әр адамға
тән ерекшелегін, оның психологиялық жағдайы мен қасиетін ескеру керек.
2. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда студенттің қандай да бір белгілі
әлеуметтік топқа, ұлтқа, т.б. жататындығына
байланысты туындайтын
қоғамдық қатынастар және оның мәнін түсінуі, байланысы мен орны
қарастырылады.
3. Биологиялық тұрғыдан - студенттің жоғары жүйке қызметінің типін,
анализаторлардың құрылысын, шартсыз рефлекстердің, инстинктерінің,
физикалық күшінің,
дене құрылысының, бет-бейнесінің, терісінің, көзінің,
түсінің, бойының және т.б. ерекшеліктерін қарастырады. Биологиялық жағы
негізінен тұқым қуалаушылықпен, туа біткен нышандармен белгілі болады,
бірақ белгілі жағдайларда өмір сүру шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.
Мұндай қырларын зерттеу студенттің білім сапасы мен психологиялық
мүмкіндіктерін, жас және тұлғалық ерекшеліктерін ашуға көмектеседі.
Студенттің жас кезеңі
Достарыңызбен бөлісу: