№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Дәріс жоспары


№11. Тақырып. Өнер философиясы



Pdf көрінісі
бет44/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#121273
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62
Байланысты:
ғылым философия

№11. Тақырып. Өнер философиясы
 
Дәріс жоспары 
1. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде. Негізгі 
эстетикалық 
категориялар: 
сұлулық 
– 
ұсқынсыздық, 
траги-
комедиялық, асқақ – төмен. Сұлулықтың құндылығы. 
2. Эстетиканың даму тарихы. 
3. Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық 
және әлеуметтік қызметтері. Көркем шығармашылық субъектісі. Өнер 
әлеміндегі адам. 
Дәріс тезистері.
1. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде. Негізгі 
эстетикалық 
категориялар: 
сұлулық 
– 
ұсқынсыздық, 
траги-
комедиялық, асқақ – төмен. Сұлулықтың құндылығы. 
Эстетика (көне 
грекше: αἰσθητικός – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық 
тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау 
еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Ғылымның 
бұл саласы әсемдікті, көркем шығармашылықтың жалпы заңдылықтарын, 
адамның болмысқа сезімдік қатынасын зерттейді..
 
Эстетика мәселесі мен міндеттері көбінесе келесі жәйтпен айқындалады. 
Адамның дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз 
байланысты үш нәрседен тұрады: 
объективті шындықтағы эстет. ұғым 
субъективті эстет. үғым (эстет. сана) 
өнер (субъективті және объективті эстетикалық ұғымдардың бірлігі ретінде). 
Эстетика дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін 
адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге 
бағытталған жасампаздық күштері ашылатын олардың шығарм. қызметінің іс 
жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды. 
Негізгі эстет. категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен 
пасықтық, трагед. және комед. болса, олар қоғамдық байланыста, адам 
өмірінің әрбір саласында – өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, 


табиғатқа көзқараста, мәдениет, тұрмыста, т.б. жағдайларда дүниені эстет. 
тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады. Эстет. тұрғыдан 
ұғынып-түсінудің субъективті жағы – ішкі сезімдерді, талғамдарды, 
бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды Эстетиканы объективті 
өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы 
ретінде қарастырады. 
Өнер, көркем шығарм. оның маңызды жағы ретінде қарастырылады. 
Эстетика өнердің мәнісі мен оның заңдылықтарын зерттей отырып, арнаулы, 
теор. және тарихи ғылымдармен және өнер туралы ғылымдармен тығыз 
байланыста дамыды. Бірақ Эстетика– негізінен философияның бір саласы. Ол 
адамның ақиқатқа эстет. қатынастарының (оның ішінде өнердің) жалпы 
заңдылықтарын зерттейді, ал өнер зерттеу ғылымдары өнердің қаз-
қалпындағы ерекшелігіне назар аударады. 
Философия сияқты дүниетану ғылымы бола отырып, Эстетика эстет. 
сана мен өнердің қоғамдық болмысқа, адам өміріне көзқарасы туралы 
мәселені шешуді өз проблематикасының басты назарына қояды. Осы 
мәселенің материалистік шешімін басшылыққа ала отырып, Эстетика өнердің 
табиғаты мен көркем шығарм. процесінің түрлі жағын: өнердің шығу тегін 
оның мәнісін және қоғамдық сананың басқа формаларымен байланысын, 
оның тарихи заңдылықтарын, көркем образдың ерекшеліктерін, өнердің 
мазмұны мен форманың өзара байланысын, көркемдік әдіс пен стильдің 
маңызын, т.б. ғыл. тұрғыдан ашып көрсетеді. Эстетика — философиялық 
ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. 
"Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс 
философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі 
"айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда 
"айстетикос" — сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. 
Этимологиялық түбір өлі күнге дейін "анестезия" сезінде кездеседі. 
А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік 
деп білген, әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп 
қарастырған. 
Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс 
табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген. 
Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысы 
А.Баумгартен эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. 
Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы — 
адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі өнермен 
бірге жасасып келеді. 
Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы 
белгілері байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезендерінің 
өзінде-ақ адамдар өнердің алғашқы нышандарын тудырып, оны өрі қарай 
дамытып отырған. Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, 
эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің 
заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың өзінде-ақ ежелгі қытай, үнді, 
грек ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын 


сезім арқылы әсерлене қабылдайтындығын байқаған. Соның барысында 
белгілі бір кеңіл күйлері — таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, 
сүйсіну, елжіреу, өзілдеу, тебірену, толқу және т.б. болғандығын тілге тиек 
еткен. Әрі сол күйлердің өлемге деген таза танымдық қатынастан езінің 
сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін білген. Осы тебіреніс-
толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында ежелгі 
дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, "сұлулык", 
"әсемдік", "аскақтык" және оған қарама-қарсы "сұрықсыздық", "мешеулік", 
сол сияқты "трагедиялық" жөне "комедиялық" туралы алғашқы түсініктер 
қалыптасады. Эстетикалық ойдың даму тарихына қысқаша шолу жасап, көз 
жүгіртіп етейік. Оны философиялық ғылымдардың пайда болған жері 
Грекиядан бастау занды. Антикалық эстетика, ежелгі грекиялық және римдік 
мәдениеттің 
құрамдас 
бөлігі. 
Антикалық 
эстетиканың 
негізгі 
ерекшеліктерінің бірі — оның космологизмі. Катарсис (грекше "тазару") — 
адам жаны мен тәнін тазарту, рухтық жөне ағзалық жаңаруды білдіретін 
ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер 
катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту 
жүргізу әдістері деп қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар 
катарсис эстетикалық ұғым деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада 
катарсис адамға өнердің қалай әсер ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. 
Онда катарсис әсіресе музыка, поэзия мен трагедияның адамның рухы мен 
жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген. 
Пифагор жөне оның жолын қуушылар адам жанын кесапаттан тазарту 
үшін белгілі бір жүйемен алынған әуен, музыканы қолдану жолын ұсынған. 
Олардың түсінуінше, музыка — ғарыш үндестігінің жердегі керінісі 
болғандықтан, тек жан сарайын тазалап қана қоймайды, сонымен қатар ағза 
ауруларынан да арылуға әсер етеді деп білген. Платон болса катарсисті 
өнердің бір түрімен ғана емес, жалпы өнердің өзімен байланыстырды. Оның 
айтуынша, катарсис жан-дүниені нәпсілік, ағзалық ниеттен арылту деген 
мағынаға ие. Аристотель де катарсисті өнердің эстетикалық пәрменді әсері 
деп танып, әсіресе трагедия жанрын адамның қорқыныш пен қайғыға 
ортақтасу сияқты қасиеттерінің нәтижесінде адам жанын бейқамдықтан, 
бойкүйездіктен арылтады деп қарады. 
Грек мәдениетіндегі калокагатия алдыңғы параграфтардағы мұраты 
бекзаттық тәрбиенің негізін қалаған. Сондықтан да бала өсіру, тәрбиелеу 
ісінде гимнастикалық (дене сұлулығын қалыптастыруға күш салатын) 
тәрбиемен қатар риторика (шешендік енер), грамматика, тарих, поэзия және 
т.б. баса назар аударылған. Эстетикаға "калокагатия" ұғымын енгізген 
Сократ болатын. Шынайы сұлулық — ізгі сұлулық, кешірімді сұлулық деген 
көзқарас кейінірек келе бүкіл еуропалық эстетиканың орталық ұстанымына 
айналып кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет