18
биотехнология және экологиядағы мәселелі сұрақтар көтеріледі.
Клеткалық
және молекулалық биологияның жетістіктері, жалпы және молекулалық
генетика, гендік және жасушалық терапия әдістері, қартаюға қарсы күрес,
науқастарды, ауруларды емдеуде ересек организмнің бағаналы клеткалық
регенеративтік
потенциалы
қарастырылады.
Биоалуантүрліліктің,
экожүйенің және биосфераның тұтас алғанда,
біртұтастығы және
тұрақтылығы қарастырылады.
Физика, химия, астрономия және геология секілді ғылымдармен қатар
биология жаратылыстану ғылымдарына жатады және оның зерттеу нысаны
табиғат болып табылады. Тірі ағзалар және олардың тіршілк заңдылықтары
туралы толық білім алу үшін тіршіліктің барлық аспектілерін және
көріністерін зерттеу қажет. Заманауи биология тіршілік үрдестерінің түрлі
көріністерін зерделейтін жеке ғылым ретінде қарастырылады.
Адамның қоғам болып қалыптасуы мен дамуы, өзінің өмір сүруіне
қажетті тірі табиғатты зерттеумен тығыз байланысты. Тірі табиғат туралы
ілімді жүйелеуді алғашқы болып ежелгі грек және рим философтары
қарастырған. XVII ғасырдан бастап ғылымда
сандық өлшеу және бақылау
әдістері қолданыла бастады. XVIII ғасырда өсімдіктер мен жануарлар туралы
ілім жеткілікті түрде жиналды және оны жүйелеу қажет болды, осы кезден
бастап жүйелеу ғылымы қалыптасты. Осы кезеңде тірі ағзаларды зерттеу
жаратылыс тарихы деп аталды, ал ол биология – өмірді зерттейтін ғылымның
ізашары болып табылады. Биология физика, химия, астрономия, математика
секілді негізгі ғылымдар сияқты жаратылыстану ғылымдарының қатарына
қосылды. Жаратылыстанудағы көптеген жетістіктер клеткалық теория, тұқым
қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары, Ч.
Дарвиннің эволюциялық
теориясының қалыптасуына алып келді. Соңғы онжылдықтарда
биологияның әртүрлі саласында көптеген жаңалықтар ашылды. Әлеуметтік
өмірде соңғы онжылдықтарда биологияның жетістіктерінің қолдану саласы
ұлғайды, тұтас алғанда жеке адам мен қоғамның мәдениетін қалыптастыруда
биологияның рөлі өсті. Молекулалық биология және биотехнология
саласындағы зерттеулер табиғатты өзгерту,
қайта қалпына келтіру, оны
сақтауға және оны қолдан жасауға болатынын көрсетті. Биологияның
мәдениеттің басқа салаларымен өзара қарым-қатынасы жаңа ілімдерді
туғызып отыр: биоэтика, биополитика, биоэстетика. Табиғаттың негізгі заңын
және заңдылықтары зерттеу адамдарға табиғаттың біртұтас екендігін,
жүйелік және көп деңгейлі құрылымын, табиғаттың дамуын, табиғат пен өмір
мәнін, адам өміріне қол сұғылмаушылығын, адам мен табиғаттың бірлігі
туралы дүниетанымды түсінуге септігін тигізеді. Биологияның жетістіктері
қазіргі медицинаның даму деңгейін анықтап отыр. Биологиялық білім алудың
адамға қоршаған ортаны тануда және алатын орнын анықтауда, табиғат пен
өмірді бағалауда, дүнетанымын қалыптастыруда алатын орны зор.
Достарыңызбен бөлісу: