6-дәрісбаян
Тақырыбы: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ СӘУЛЕТ ӚНЕРІ ЖӘНЕ
ҚОЛӚНЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Ӛнер мәдени феномен ретінде. «Ӛнер» термині адам баласының
жасампаздығын білдіреді де, «ӛндіру», «жасау», «құру» деген негізден
ӛрбиді. Яғни, кӛркем шығармашылық процесін және оның нәтижелерін
(сәулет ӛнері, бейнелеу, поэзия, әуен, би және т.с.с.) айтуға болады.
Ӛнердің мәдениеттегі алатын орны оның басқа салаларынан гӛрі
ерекше. Ӛйткені, ӛнерде ғана қоғамдық сана ӛзін толығымен кӛрсете
алады.
Ӛнер арқылы мәдениет ӛзінің тұңғиық тереңінде болып жатқан
құбылыстарын дәл бір айнаға қарап кӛргендей, байқап отырады.
Сондықтан да ӛнерді «мәдениеттің айнасы» деп анықтауда негіз бар.
Нақты тарихи жағдайлар шеңберінде белгілі бір ұлттың, этностың
мәдениетінде ӛнер арқылы сол мәдениеттің әлемді және әлемдегі адамды
түсінуін кӛреміз.
«Ӛнер – мәдениеттің айнасы» деп бекер айтылмаған. Ол мәдениеттің
жаны, оның ӛзіндік танымының түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның
дүниені
игеруі
барысында
әдеби
мәтіндерге,
мүсінге,
сәулет
туындыларына, суреттерге, әуенге, биге және т.с.с. негізделген ӛнер
түрлері қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |