5-дәрісбаян
Тақырыбы: САЛТ-ДӘСТҤРЛЕР МЕН ӘДЕТ-ҒҦРЫПТАРДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазақтың тәрбие мектебі, халық педагогикасы – ата-бабамыздың
ӛсиеттері, ғибраттары және халық мақал-мәтелдері, тыйым сӛздері мен
ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халықтық осы
қағидалар шын мәнісінде жас ұрпақ түгілі, ересек адамдарға да үлкен
әсерін тигізді, ұлттың сана-сезімін оятты, тәлімдік-тәрбиелік, танымдық
мектебіне айналды.
Педагог және философ ғалым Г.Н.Филоновтың анықтамасы
бойынша: «Халық педагогикасы – жергілікті халықтың қабылдаған
тәрбиелеу әдіс-тәсілдері. Бұлар ұрпақтан-ұрпаққа ӛмір барысында білім
37
мен дағдылар арқылы жалғасып отырады. Халық педагогикасы қоғамдық
тәжірибенің,
мінез-құлық,
жүріс-тұрыс
ережелерінің,
қоғамдық
дәстүрлердің, белгілі идеологияның жалғасуын бағыттап отырады. Халық
педагогикасы моральдық заңдар мен салттарда кӛрініс табады» .
Педагогикалық энциклопедиялық сӛздікте: «Халық педагогикасы
дегеніміз – ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ
тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау
процесінің эмпирикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы. Халық
педагогикасының негізгі түйіні – еңбек тәрбиесі және ӛндірістік білім,
дағды, шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік,
имандылық рухында тәрбие беру», - деген анықтама берілген. Осы
анықтаманы ғылыми дұрыс анықтама деп санауға болады.
Ал академик А.К.Конның басшылығымен 1983 ж. «Педагогика»
баспасынан шыққан этикалық сӛздікте «әдет-ғұрып дегеніміз – белгілі бір
қоғамда немесе коллективте белгілі бір тарихи жағдайға байланысты
адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің түрі. Ол әлеуметтік
ӛмірдің әр түрлілігіне және күрделілігіне қарамастан, белгілі ұқсастық
жағдайда адамдардың біркелкі әрекет етуін қалайды. Яғни бір қоғам
ішіндегі адамдардың еңбек ету тәсілдері мен әдістерінің жалпыға ортақ
болуын, олардың саяси-қоғамдық іс-әрекетінің және күнделікті
тұрмыстағы қарым-қатынасында немесе кӛзқарасында бірыңғайлылық
әрекеттің болуын талап етеді. Осының бәрі әдет-ғұрыптың, салттың
жиынтық кӛрінісі болып табылады,» - деп түжырымдаса, ал «дәстүр
дегеніміз – әдет-ғұрыптың ӛмірдегі ӛсіп жетілген әр түрлі формасы. Ол
адамдардың белгілі бір бағыттағы тұрақты іс-әрекеті мен мінез-құлқының
ұрпақтан-ұрпаққа белгілі формада ауысып берілетін түрі», - деген
анықтама береді.
Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам
ӛмірінің күнделікті тіршілігінде (отбасынан бастап қоғамдық ӛмірдегі
қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен
жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы.
Немесе, Салт – тарихи жағдайда қалыптасқан ұрпақтан ұрпаққа
жалғасатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар, тұрмыс қалпы,
ережелері.
Ол жеке адам ӛмірінде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, діни
ережелерімен байланысты кӛрініс береді де, біртіндеп ауыл-аймақ, ру,
тайпаға ортақ рәсімге (ритуалға) айналады.
Ал дәстүрлердің ӛрісі салттан әлдеқайда кеңірек. Дәстүр қоғамдық
сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның
қалыптасқан бірыңғай кӛзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Ол
ғылымда, әдебиетте, мектепте, халықтық ортақ ӛнерде немесе қоғамдық
қатынаста кӛрініс беретін құбылыс. Дәстүр идеологияға жақындау да, ал
салт қоғамдық психологияға жақын.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті
көшпенділік өмір салтымен тығыз байланысты.
Мәселен, үлкенді сыйлау,
38
қонақжайлық – дәстүрлер. Олар кӛптеген салттардан, ырымдардан, жол-
жоралардан, рәсімдерден тұрады.
Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге
дамып келе жатқан тарихи және кӛне процесс. Ол ұрпақ тәрбиесінен,
мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен кӛрініс бере отырып,
адамның дүниеге келуімен бірге ӛрбіп, о дүниеге аттанып кеткенше
құндақтайтын, тербететін алтын бесігі іспеттес.
Дәстүр үшін ӛткен дәуірде қалыптасқан кӛзқарас пен іс-әрекеттің
мәдени мұра ретінде сақталып, бүгінгі күнге жетуі қажет. Мінез-құлықтың
мазмұны мен сыртқы кӛрінісінде, қолдану стилінде бірізділік болуы керек.
Яғни, мінез-құлықтың сыртқы формасында ерекше тұрақтылықтың болуы
шарт. Ал ол форма белгілі зандылыққа айналғанда мінез-құлықтың
мазмұнына үстемдік ете бастайды. Бұл жағдайда дәстүр дағдылы рәсімге
айналады.
Философия ғылымының докторы, профессор Н.Сәрсенбаев ӛзінің
«Әдет-ғұрып, дәстүр және қоғамдық ӛмір» атты еңбегінде әдет-ғұрып пен
дәстүрдің қоғамдық ӛмірден алатын орнына, атқаратын қызметіне
философиялық тұрғыдан талдау жасап: «Дәстүрге әдет-ғұрыптың ӛткен
қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-
жоралары, рәсімдер жиынтығы кіреді», - дейді. Белгілі бір қоғамда немесе
ұжымда қалыптасқан дәстүр, ӛзінің ӛмір сүру зандылығына толық ие
болғаннан кейін сол қоғамдық ӛмірден жалғасын табады да, тұрақты орын
алады. Екіншіден, дәстүр әдет-ғұрыптың жинақталған, кӛпшілікке ортақ
салтанатты түрде қолданылатын түрлері мен рәсімдерін де қамтиды.
Мысалы, әскери салтанатты шерулер, әнұран ойнау, елтаңбаны, туларды
дәстүрлерге жатқызамыз.
Үшіншіден, дәстүрге қоғамдық сананың ғылым мен әдебиеттегі,
кӛркемӛнер мен саясаттағы бағыттары енеді. Мысалы, біз Пушкин,
Горький, Абай, Науаилардың әдеби мұраларын зерттеушілерді солардың
әдеби дәстүрін жалғастырушылар деп, ал ғылымда Ломоносов, Менделеев,
Павловтың ілімдік дәстүрін жалғастырушылар деп атаймыз. Дәстүр –
тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастық нормада бір ұрпақтан
екінші ұрпаққа жалғасып жататын, кӛпшілік қоғам мүшелеріне ортақ әдет-
ғұрыптардың жинақталған түрі.
Әдет-ғұрып – рәсім арқылы кӛрсетілетін әрекет, қимыл. Ол да
кӛпшілікке ортақ іс-әрекеттен кӛрініс береді. Ал жол-жоралар, ырымдар –
әдет-ғұрыптың бӛлшектері, сонан келіп салт пен дәстүр тоғысып,
туындайды. Бір әдет-ғұрыптың бірнеше ырымдар мен рәсімдерден, жол-
жоралардан тұруы мүмкін.
Ескере кететін жағдай осы уақытқа дейінгі орысша-қазақша,
қазақша-орысша сӛздіктерде немесе пәндерге арналған түсіндірмелі
сӛздіктерде салт-дәстүр бір мағынада беріліп келеді. Сондай-ақ ырым,
жол-жоралар, рәсімдердің мағынасы ашылып ажыратылмаған. Тек соңғы
1993 жылғы «Ғылым» баспасы арқылы шыққан профессор Қ.Жарықбаев
пен Ж.Наурызбаевтың «Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесі атауларының
39
қысқаша түсініктемесінде» «Жол-жоралғы (жӛн-жосық) салт, дәстүр, әдет
бойынша берілетін ырым, кәде» деп, біртабан дұрыс анықтама беруге
талпыныс жасаған.
Біздің пікірімізше, ырым, рәсімдер, жол-жоралар салттың құрамдас
бӛлшектері болып саналады да, дәстүр осылардың сұрыпталып, ӛмір
ӛткелінен ӛтіп, тұрмыста тұрақты орын алған синтездік формасы демекпіз.
Ал әдет-ғұрыпқа салттың синонимі деп қарау керек. Бұл пікірді профессор
Н.Сәрсенбаев та қуаттайды. Салт-дәстүрлер бір жағынан халықтың
тұрмыс-тіршілігімен байланысты туған этнографиялық құбылыс болып
саналса, екніші жағынан ұрпақ тәрбиесінің ритуалы болып саналады.
Сондықтан ұлттық салт-дәстүрлердің мән-мағынасын тәлімдік тұрғыда
қарастырып, тозығынан озығын айыра қарау, бүгінгі заман талабына сай
келетін прогессивтік мәнді дәстүрлерді ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы
ретінде пайдалана білу қажет.
Қорыта келгенде, этнопедагогика – фольклорлық шығармалар мен
ұлттық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік мән-мағынасы мен оны оқу-
тәрбие жүйесінде қолданудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін педагогика
ғылымының бір саласы.
Салт-дәстүрлер халықтың тұрмыс тіршілігімен, ӛмірге деген
кӛзқарасымен байланысты туып дамитын болағндықтан, оның дінмен
байланысын да сӛз етуге тура келеді.
Халықтық ырымдарда шаман, ислам дінімен байланысть наным-
сенімдер кӛптеп кездеседі. Мысалы, малға топалаң, ауру-індет келгенде
немесе куаңшылық, аптап ыстық болғанда, құдайға жалбарынып мал
сойып, ақсарбас айту, тасаттық беру, құдайдан жаңбыр тілеу немесе бала
кӛрмеген ата-аналардың әулиелер басына түнеп, мал сойып, ақтық
байлауы т.б. діни наным-сенімдермен байланысты туған ырымдар.
Дінмен байланысты туған ырымдардың адамды имандылыққа,
тазалыққа тәрбиелеуде прогрессивтік мәнінің болғанын, оның халықтың
табиғат-жаратылыс жӛніндегі түсінігі тӛмен, ӛзін қоршаған ортаға
эмпристік кӛзқарасы басым кезіндегі түсінік, наным, сенімінің елесі екенін
жасыруға болмайды.
Жалпы, дін мен ғылымның ұзақ уақыт қатар жасасып келе жатқанын,
адамды тәрбиелеуде екеуінің де белгілі рӛл атқарағынын, бірақ қоғам,
табиғат-жаратылыс заңдылықтарын түсіндіруде ғылым мен діннің
арасында үлкен алшақтық барын ажырата білу керек. Этнопедагогика
ұлттық салт-дәстүрлердің тәлімдік мән-мағынасын зерттейтін ғылым
саласы болса, ал этнопсихология халқымыздың сан ғасырлар бойы
қалыптасқан дәстүрлері мен салттарындағы ұлттық сана-сезімін, ӛмірге
деген кӛзқарасын, ӛзіндік ойлау ерекшеліктерін зертгейтін ғылым.
Олай болса, этнопедагогика мен этнопсихологияның даму
процесінде ортақ заңдылықтар бар деп қарауға тура келеді.
Салттар мен дәстүрлердің ерекшеліктері ұлттың психологиялық
ерекшеліктерінен кӛрініс береді.
40
Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелігі адамдардың әулеттік
қарым-қатынасынан, киім киюінен, спорттық ойын түрлерінен немесе
ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келін түсіру, қыз ұзату, қонақ күту,
ӛлік жәнелту рәсімдерінен т.б.), ұлттық тағам түрлерінен байқалады.
Ұлттық психикалық құрылым үш бӛліктен тұрады: ол ұлттық сезім,
салт-дәстүрлер және ұлттық мінез. Осы үш бірлестік ұлттық мәдени
ерекшеліктің шартты белгілері болып табылады. Біз салт-дәстүрлерге
тоқталайық.
Біз қонақ күтуге байланысты ұлттық тағамдарды даярлау, сыйлы
қонағын ұлттық тағаммен сыйлау да ұлттық сезімді, ұлттық мақтанышты
кӛрсетеді. Және ол әр ұлттың ӛзіне тән тағам даярлау ерекшелігінің куәсі
болып табылады. Мысалы, ӛзбек қонағын палаумен сыйласа, қазақ «бес
бармағымен», ұйғыр мәнті, лағманымен, татарлар пәрәмішімен сыйлайды.
Қазақ шәйін қаймақ қатқан сүтпен баптап берсе, қалмақ, ұйғырлар май,
тұз, ұн салып береді. Орыс халқы кофе қайнатады, соның бәрі тағам
берудегі ұлттық ерекшелік дәстүрлер.
Ұлттық салт-дәстүрлерге ана тіліне деген сүйіспеншілікті, ұлттық
ӛнер түрлерін: ән-күй, зергерлік қол ӛнері, бейнелеу-сурет ӛнері, ұлттық
ойын мен спорттың түрлерін, ұлттық тағамды, киімді, мерекелерді, тарихи
ескерткіштерді т.б. жатқызуға болады. Дәстүрге ғасырлар бойы
қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жоралар, кӛзқарас түсініктер
жатады.
Ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктерін патриархалдық, рулық
салт дәстүрлерімен шатастыруға болмайды. Мысалы, қазақтардың қызды
қалың малға сатуы немесе барымтасы мен ӛзбек әйелдерінің пәрәнжі
жамылуын бүкіл қазақ, ӛзбек халықтарының ұлттық салт-дәстүрі деп
қарамауымыз керек. Ол феодалдық, рушылдық қарым-қатынастан қалған
ескі дәстүрлер.
Салт-дәстүрлер халықтардың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне,
ӛмірге деген кӛзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-
ұрпаққа ауысып, ӛзгеріп, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық
қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, ӛмірге қажеттілері дамып, жаңа
мағынаға ие болады. Мысалы, қазақтар жаугершілік заманда ақ қой сойып,
қанына найзасын малып, бір-бірімен тӛс түйістіріп, анттасып дос болатын
болған. «Достықты бұзғанды ант атсын» - деп серттескен. Феодалдық
қырқыс кезінде ол батырларды бірлікке тәрбиеледі. Ал бертін капиталистік
қоғамның дамуымен байланысты, анттасу салты мүлде қажет болмай
қалды.
Немесе бүгінгі күндерде ерлі-зайыпты қариялардың алтын, күміс
тойларын ӛткізу де салт-дәстүрлердің ӛзгерген түрі. Оның ұрпақ тәрбиесі
үшін үлкен прогрессивтік, тәрбиелік мәні зор.
Салт-дәстүр сабақтастығы ұлттар арасындағы қарым-қатынаспен
тығыз байланысты. Бір ұлтта бар салт-дәстүрлер, ұлттық ою-ӛрнек, тағам,
спорттық ойын түрлері екінші бір ұлтта да белгілі ұқсастықпен және
ӛзіндік ерекшелігімен кӛрініс береді. Мысалы, қазақтың кӛкпар тарту
41
ойыны кейбір ӛзгешілігімен кӛрші ӛзбек, түрікмен, қырғыз, моңғол, ауған
елдерінен де кездеседі. Киіз үй тігу кӛшпелі халықтардың бәріне ортақ.
Алайда, оның құрылысында, ою-ӛрнек әшекейінде әр ұлтқа тән ерекшелік
белгілер байқалады. Палау, мәнті, борщ, шашлық, пельмен кӛпшілік
ұлттарға ортақ тағам болғанымен, әр ұлттың ӛзіндік дайындау
технологиясымен ерекшеленеді.
Ұлттық дәстүрлер ұлттық психологиядан кӛрініс тапқанда, кейбір
психикалық әлпеттің жалпы адам баласына, барлық ұлтқа тән ортақ
қасиетке ие екенін байқауға болады. Мысалы, қонақжайлық, үлкенді
сыйлау, балажандылық сияқты мінез-құлық ӛлшемдері адам баласына тән,
барлық халыққа ортақ қасиет.
Қоғамның дамуы, халықтар мен ұлттардың интернационалдық
байланысы ұлттық психикаға игі әсерін тигізіп, бірнеше ұлтқа ортақ
интернационалдық мазмұнды салт-дәстүрлердің пайда болуын туғызды.
Мысалы кешегі кеңестік дәуірде ұлттық қарым-қатынастың күшеюімен
байланысты қазақтың ат бәйгесі немесе қазақша күрес, теңге алу, қыз қуу
ойындарына интернационалдық сипат берілді де, бұл ойындар бүкіл Орта
Азия елдерінде ортақ интернационалдық ойын түрлері болып кетті.
Сондай-ақ, кешегі кеңестік дәуірде халықтардың идеялық сана-сезім
бірлестігі ортақ әнұран, ортақ дәстүрлі әскери шеру салтанаттарын ӛткізу,
жастарды әскер қатарына шығарып салу, еңбек кітапшасын табыс ету, неке
куәлігін тапсыру сияқты салт-дәстүр түрлерін туғызды.
Заман талабына сай жаңа мазмұнды салт-дәстүрлердің туындауы да
заңды құбылыс. Мысалы, қазіргі жастардың үйлену тойы рәсімдері
бұрынғы қазақ ауылындағы осындай тойларға мүлде ұқсамайды.
Сондай-ақ, баланың дүниеге келуін қуаныштап ӛткізетін шілдехана
тойына қоса бүгінде жастардың туған күнін тойлау рәсімдері пайда болды.
Ол мүлде жаңа салт-рәсімде ӛтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |