3 Смирнов орта мектебі баяндама оқушының тілдік құзырлығын дамытуда этнопедагогиканың маңыздылығы



Дата08.09.2017
өлшемі117,61 Kb.
#31448
3 Смирнов орта мектебі

БАЯНДАМА

Оқушының тілдік құзырлығын дамытуда этнопедагогиканың маңыздылығы

Дайындаған: Исмакова Ғ.С.

Қазақстан үкіметі қабылдаған «Білім беру»заңының «білім жүйесі» аталатын екінші бөлімінде Білім беру жүйесінің басты міндеттері: «... халықтық дәстүрлерді қастерлеу. Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт- дәстүрін мен әдет –ғұрыптарын қадір тұтып игеру кепілді азамат болуы керек» делінген.

Былтыр біздің мектепте этнопедагогика курсы енгізілген болатын. Пән ретінде қарастыратын болғандықтан, оған тақырыптық- күнтізбелік жоспар құрылып аптасына бір рет өткізіліп отырылды.



Балаларға ең алдымен пәнді меңгертуде қиындық туындаған жоқ, себебі өз ұлттарының халық педагогикасын әрбір бала білетіні сөзсіз, тек оны жандандырып, халыќтыќ салт-дєст‰рдi, ±лттыќ µнердi дєрiптейтiн, ана тiлi мен дiнiн ќастерлейтiн, отанын, елiн, жерiн с‰йетiн жан-жаќты жетiлген, саналы, намысќой азамат етіп тєрбиелеу мақсататында бір жыл ішінде біршама нәтижелерге қол жеткіздім. Осы мақсатқа жетуде мына міндеттерді алдыма қойдым.

  • Сыныпта және сыныптан тыс уақыттарда этнопедагогика элементтерін барынша қолдану

  • ХАӘ үлгілерін өнеге тұту арқылы танымдық сайыстар мен үйірмелер өткізу

  • Патриоттық мәні бар іс- шараларды ұйымдастырып өткізу

  • Діни және имандылық бағытта бейнебаяндар, әңгімелер, кездесулер өткізіп отыру

Этнопедагогика пәні ғылым ретінде қалыптасқандықтан оның мынадай салалары бар:

Жалпы этнопедагогика деген халық педагогикасы. Халық педагогикасы педагогиканың өзегі болып табылады. Педагогика баланың тәрбиесі жайлы ілім, ғылым. Халық педагогикасында тәрбиенің біршама түрлерін атап кетуге болады.

1 .Халық педагогикасындағы ақыл –ой тәрбиесі 2. Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие. 3.Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі 4. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиесі 5. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі 6. Халық педагогикасындағы адамгершілік, имандылық тәрбиесі 7. Халық педагогикасындағы Ерлік тәрбиесі деген түрлерден тұрады. Бұлар сыныпта және сыныптан тыс уақыттарда қолданылып отырады. Этнопедагогика элементтерін барынша қолдану арқылы оқушы тілінің, дүниетанымының, қабілетінің, ақыл –ойының дамуына септігін тигізеді. Баланың бойында 1. Қадір- қасиеті қалыптасқан ол деген қырандай алғыр, сұңқардай өр, қасқырдай өжет, нардай төзімді болуы. 2. Қабілет- икемінің дамуы ( ел басқаратын, дау шешетін, жомарттық жасайтын) 3. Зерде –зейінінің дамуы ( тылсым сырды ұға алатын) 4. Өнер-өрісі кең, қайрат – қаруы , жігер күші (аяқтан шалғанды жыға алатын) 5. Білімінің дамуы (биікке бастап шыға алатын) 6. Адалдығының дамуы ( туған елі мен дос жаранына адал болатын) 7. Әділеттілігі ( қара қылды қақ жаратын) 8. Шыншылдығы ( қаймықпастан тура айтатын) азамат етіп тәрбиеленеді. (Слайд)

Адам өмірінде (отбасында, тұрмыста, балабақшада, мектепте, мектептен тыс уақыттарда, жоғары оқу орындарында үлкен өмірге шыққан кезде)осы тәрбие жүзеге асырылып отырады. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, өсе келе анасының ақ сүтімен бойына дарыған ана тілін ұғынып, үйрене бастайды. Отбасындағы салт –дәстүрлер, ата –әжелерінің ертегілерін, аңыз- әңгімелерін, батырлар жырларын естіп өседі. Балабақшада, мектепте әр түрлі ертегілерге, сахналық көріністер қойылады, баланың тілге, ертегіге деген қызығушылығы арта бастағаны осыдан байқауға болады. Мектепте неше түрлі сыныпта және сыныптан тыс уақыттарда халық ауыз әдебиетінің үлгілерімен танысу арқылы сайыстар, факультативтер, үйірмелер, драмалық көріністер,жас ақындар арасында айтыс түрлері өткізіледі. Оқушы қызығушылық таныту арқылы дүниетанымы кеңейеді, ақыл –өрісі дамиды, өмірге деген сенімі артады, коммуникативтік, достық, жолдастық қарым –қатынас жүзеге асып отырады.

Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында да оқушының жазба тілінің сауаттылығымен қатар, ауызекі сөйлеу тіліне де баса назар аударып отырамын. Сабақ үстінде мақал –мәтелдерді өз орнымен пайдалана білу сабақтың сапасының жоғары деңгейде өтуіне оқушылардың ой –өрісінің дамуының, айтар ойын әдемі де әсерлі етіп жеткізуіне ықпал етеді. Мысалы, зат есім тақырыбын өткенде оқулықта берілген жаттығулармен шектелмей, үйге тапсырма бергенде әр оқушы зат есімі бар мақал –мәтелдерді жазып жаттап келуді тапсырамын. Келесі сабақта оқушылар мақал –мәтелдерге талдау жасайды. Бұл –баланың шығармашылыққа баулу жолы болып табылады. Мысалы: ана үшін аянба - ант ұрады, өнер алды қызыл тіл сол сияқты басқа да сөз таптарын өткенде халық этнопедагогикасының озық үлгілерін қолданып оқушы тілінің дамуына септігін тигізу керек.

Мысалы, қазақ тілі сабағында етістіктің бұйрық райын түсіндіргенде тек оқулықтағы мысалдармен шектеліп қоймай, халқымыздың тиым сөздерін ұтымды пайдалануға болады. Тиым сөздер – халықтың тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл – кеңес берудегі құралдардың бірі. Халықта: «Тыйымсыз елдің жастары дуана» - дейді. Тыйым, негізінен балаларға арналып, өзара жаман әдет, жат пиғылдан, ерсі – қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда өте маңызды қызмет атқарады. Мысалы: «Құстың ұясын бұзба», «Аққуды атпа», «Бұлақтың көзін бітеме», «Құмырсқаның илеуін бұзба», «Сабаққа кешікпе», «Үлкендердің сөзін бөлме» т.б. сөздер арқылы ата – бабаларымыз жас баланың санасына қоршаған орта, табиғатқа деген ізгі сезімдерді ұялатуды көздеген. Халықта «Тәрбие басы – тіл, өнер алды - тіл» - деп бекер айтпаса керек. Сөйтіп, сөз арқылы біз экологиялық тәрбие берумен бірге адамгершілік, жауапкершілік, отанға деген сүйіспеншілік сияқты ізгі қасиеттерге баулимыз. Сан есімдерді түсіндіргенде халқымыздың жеті ата, жеті қазына, жеті жұрт, жеті шелпек, бес дұшпан, бес асыл іс сияқты қасиетті сандарға байланысты жаттығулар құрап, соларға байланысты шығармаларды еске түсіреміз. Мысалы: Ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқып берсе : Адам болам десеңіз: «Бес нәрсеге асық бол, Бес нәрседен қашық бол», – дей келе адам бойында кездесетін бес жаман қасиет: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ және бес жақсы қасиет: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым екендігі туралы әңгіме өткізу арқылы бала тәрбиесін этно тұрғыдан өткіземіз. Ал қазақ халқының салт- дәстүрлері тақырыбын өткенде тойларда, шілдехана, тұсау кесу, сүндет тойда берілетін бата түрлерінен алынған үзіінділерден балаға, жастарға айтылған нақыл сөздер мен тілектердің мағынасын түсіндіру арқылы қазақ отбасында ежелден бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгеніне назар аударған абзал.

Этнопедагогика элементтерін тек сабақ үстінде ғана пайдаланып қоймай, сабақтан тыс жүргізілетін білімділік – тәрбиелік жұмыстарға да енгізіп отырамыз. Патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында биыл мектеп оқушылары облыстық «Алау» әскери- патриоттық сайыста І орын алып республикаға облысымыздың атын шығарып келді. Сонымен қатар, “Менің қазақстандық полициям” атты облыстық шығармалар байқауында Ашкенова Шырақ ІІ орын алып тағы да өзінің патриот екенін дәлелдеп шықты.

Жыл сайын өткізілетін «Наурыз» мерекесі, «Тілдер күні», «Республика күні» сияқты мерекелерге барлық ұстаздар мен оқушылар белсене қатысады.

Ақын- жазушылардың шығармашылығын насихаттауда мектепте оқушылар театры құрылған.

Абай, Мағжан, Махамбет шығармашылығын наихаттауда мектеп оқушылары назардан тыс қалған жоқ Тұрсынәлиева Ләззат Мәнерлеп оқу және көркем сөз оқу шеберлерінің жеңімпазы. Аудандық Мағжан оқулары Каримова Қалима 6-сынып ІІ орын

Оқушылармен жүргізетін сыныптағы тәрбие жұмыстарының негізінде мынандай мақсаттарға жетуді көздеп отырамын:

• Өз ұлтын сүйетін, ұлтжанды, отансүйгіштік, ерік- жігері мықты, жаны таза жеке тұлғаны қалыптастыру.


• Халқының құндылықтарын көз қарашығындай сақтап, өмірге пайдалана отырып, оны мүмкіндігінше қажетіне жарата білетін азамат тәрбиелеу.
• Үшінші, әдепті де парасатты, рухани бай, өресі жоғары, білімді, ел болашағын ойлайтын, аға ұрпақтың арналы ісін жалғастыратын тұлға қалыптастыру.

Осы үш арна тоғыса келе ұлтым дейтін ұрпақтың ұстанар ұранына айналар тұғыры биік болары сөзсіз.



Әр мұғалімнің алдына қойған мақсаты – сабақ сапасын арттыру, этнопедагогика элементерін қолдану арқылы тілін дамыту, байыту, ана тілінің жанашыры болып туған тіліміздің мәртебесінің өсуіне өз үлестерін қосатын азаматтар тәрбиелеу, қазіргі мәдениетті, жан –жақты білімді жастарымыздың ақыл –ой көрінісі (әр сөзді өз орнына жұмсап, мағыналы сөйлей білуді) – заман талабы екенін ұмытпағанымыз жөн.
Каталог: uploads -> doc -> 1151
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1151 -> Сабақ тақырыбы: «Математикалық индукция әдісіне есептер шығару»
1151 -> Сабақтың тақырыбы : «Менің сүйікті тағамым- палау»
1151 -> Тақырыбы: «Мен және менің достарым» Мақсаты
1151 -> Сабақтың міндеттері
1151 -> Сабақтың тақырыбы: сандық ақпаратты кодтау мәтіндік ақпаратты кодтау Сабақтың мақсаты
1151 -> Сабақтың тақырыбы: Cанның модулі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет